USD491.7EUR531.28RUB5.07

Пандемияның ел тұрмысына әсері.

06 тамыз 2020, 14:32
Қазіргі халықтың хал жағдайы ешқайсысымызды бей-жай қалдырмайды. Еліміздің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбекке қабілетті халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша бағдарламаларды жүзеге асыруда.
Пандемияның ел тұрмысына әсері.

Статистикаға жүгінетін болсақ,  жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы аясында 2020 жылдың І жартыжылдығында 217,6 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның 102,6 мыңы – тұрақты жұмысқа орналастырылған екен. Ал 2020-2021 жылдарға арналған «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында 148 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Әр мемлекеттің өзіндік әлеуметтік жағдайы қазіргі болып жатқан пандемия кері әсерін тигізуде. Жаһанға жайылған мына коронавирус індеті де еліміздің әлеуметтік жағдайыда күрт төмендеуіне әсер етті. Бұдан бөлек,  жұмыссыз қаншама адамдар қалып отыр. Солардың бірі жеке кәсіпкерлер. Үкіметтен 42 500 жәрдемақыны бірі алса, екіншілері ала алмай отыр. Сондай-ақ көп балалы ата-аналар, жұмыссыз болып тіргелген азаматтарға 5567 теңгеден азық-түлікке деп үкіметтен ақша бөлінді. Бұған дейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев короновирустық инфекцияның таралуына жол бермеу шараларын күшейтуді тапсырды. Табыссыз қалған қазақстандықтарды қолдау үшін жәрдемақылар, біржолғы төлемдер төленді, оның ішінде азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтар берілді.

Ал, енді, қазіргі күндегі жұмыссыздық мәселесіне келетін болсақ. Есептесек карантин режимі бекітілгелі бері 3-4 ай көлемінде кейбір нысандар қызметінің тоқтап тұрғанын білеміз. Солардың бірі – сән салондары. Екі жыл көлемінде бұл салада  жұмыс жасап жүрген  Әйгерім Қалықова үшін санитарлық талапты сақтаудың мәні зор.

- Әрине, табысымыздан айырылсақ та, мен үшін ең бірінші ол- денсаулық. үкімет тарапынан тиесілі жәрдемақыны алдық. Осығанда шүкірлік еткен жөн деп ойлаймын,- дейді ол.

Ал, базардағы сауда-саттықпен нәпақасын тауып жүрген Шолпанның өз уәжі бар.

- Сауданы сыртта тұрып жасап жатырмыз. Іште саттық не, сыртта саттық не? Ішке кірген адам коронавирус жұқтырады да, сыртта жұқпай ма? Біздер енді осылай отыра берсек, коронавирустан емес, аштан өлеміз. Сонда үкімет халықты қандай деңгейге дейін жеткізбекші? - дейді базар сатушысы Шолпан.

    Қандай жағдай болса да санитарлық режимді сақтап, жұмысын ары қарай жалғастырып жатқандар да бар. Дегенмен, пандемемия кезіндегі жұмыссыздық ең өзекті тақырыптардың біріне айналып отыр.

   Демографияны көтеруіміз керек, бала туу санын көбейту керек деп жатады. Бірақ, әлі де жалғызбасты аналардың, көп балалы отбасылардың жағдайын жасауға мемлекет әлі де қалыптастыра алмай жатыр. Ол отбасылардың жағдайы оңалып кетуге, баспана мәселесі шешілуін әлі де қамтамасыз етуге қауқарсыз. Бұл мемлекетіміз үшін үлкен проблемалардың бірі болып отыр. Солардың арқасында үкіметтік емес ұйымдар пайда бола бастады. Қазаққа қазақ қайырымдылық жасап жатыр. Яғни, дәл қазіргі сәтте мемлекет бере алмай жатқан көмекті халыққа қайырымдылық қорларының арқасында бір іс тындырылғаны көпшілімізге мәлім. Солардың бірі – ауруханаларға жеткізіліп жатқан тыныс алдыру аппараттары. Осындай ауқымды істі қолға алған қазір қайырымдылық қорларының көбейгені қуантады. Балаларға, қарттарға, үйсіз-күйсіздерге қаражат жинап, жанын салып жүретіндер бар. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, ең бірінші ол халықтың арқасы. Әлеуметтік желілерде ауырып жатқан балалардың еміне қаражат жинауға шақырған жазбаларды да жиі байқаймыз.

  Соңғы жылдары еліміздің зейнетақы жүйесіне бірқатар ауқымды өзгерістер енгізілді. Әйелдердің зейнеткерлікке шығу жасын ұлғайту – сол өзгерістердің бірі болды. 2018 – 2027 жылдар аралығындағы 10 жыл ішінде жыл сайын жарты жылдан қосу арқылы әйелдердің зейнеткерлік жасын 63-ке жеткізу көзделген.

   Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларға есепшоттағы ақшасының 10 пайызын қолдануға рұқсат беруге қатысты өз ұстанымдарын жариялаған болатын. зейнетақы қорынан ақша алуға болады ма? Зейнетақы салымшыларының жиі қоятын сұрағы осы болып отыр.

   Міне осының барлығы әлеуметттік үлкен проблемалардың қатары көбейгенін аңғартып тұр. Рухани дамуы кенжелеген қоғам ашкөздікке ұрынып, азғындайтынына тарих куә. Сондықтан, қай кезеңде де адамзат игілігі мен ел дамуын қамтамасыз ететін еңбек тәрбиесіне көңіл бөлу керек. Елдің еңсесін көтеретін игі бастаманың маңызын қоғамның әрбір мүшесі түсініп, әлеуметтік жаңғыртуға шамасы келгенше үлес қосса, ол өзі үшін де, еліміз үшін де тиімді. Кім не береді деп жалтақтағаннан, әркім қолынан келетін іспен айналысса, өмірі берекелі болатыны айқын.

Әлия НҰРБЕКҚЫЗЫ

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar