
Ет өнімдері қарттарға, жетімдерге, балалар үйі мен ауруханаларға үлестірілді. Барлық санитарлық талаптар сақталды. Көмек алған жандар алғыстарын білдірді.
- Биыл құрбандық қашықтықтан шалынды. Тапсырыс берушілерге есеп берілді. Жобаны іске асыру үшін арнайы жұмыс тобыс құрылып, үлкен жұмыс атқарылды. Волонтерлар мен ҚМДБ-ның Өскемен өңірі бойынша имамдары құрбандыққа шалынған мал еттерін таратты. Сондай-ақ қаладағы мұқтаж отбасыларға азық-түліктер берілді. Айта кететін бір жайт, жастар бұл игі іске бір кісідей атсалысты, - деп мешіттің наиб имамы Даулет қажы Тілеуханұлы жылы лебізін білдірді.
"Раббың үшін құрбан шал!" акциясы аясында Qurban2020.kz сайтынан түскен өтініштерге байланысты Өскемен өңірі бойынша 1000-нан астам отбасыға азық-түлік үлестірілді.
- ҚР-ның бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен осы акция ұйымдастырылды. Азық-түліктер тұрғындардың қолдауымен жиналды. Біз құрбандық шалған жандар мен қолдан келгенше көмек көрсеткен барша ағайынға алғыс айтамыз. Тәңірім, біздің дұғаларамыз бен құрбандықтарымызды қабыл етсін, - деді ҚМДБ-ның Өскемен өңірінің іс басқарушысы Берік Кәдіров.