USD449.3EUR489.69RUB4.89

Кәсіпкерден көмек: 2 оттегі концентраторы және 5 миллион теңге – ШҚО.

24 шілде 2020, 09:35
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты «Семей қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасына» 5 миллион теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетті.
Кәсіпкерден көмек: 2 оттегі концентраторы және 5 миллион теңге – ШҚО.

Семейдег «СемАз» ЖШС және «Азия» ЖШС Бас директоры, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы Саяси кеңес Бюросының мүшесі Әсемқан Серқанұлы Дүскужанов жұқпалы аурулар ауруханасына және провизорлық орталыққа 1 млн теңгеге 2 оттегі концентраторын алып берді. Сондай-ақ «Жедел медициналық жәрдем ауруханасына» 5 миллион теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетті.

Еліміз қиын кездерді бастан кешіп жатыр. Осы ретте халыққа және дәрігерлерге тек рухани қолдау білдіріп ғана қоймай, материалдық тұрғыдан да қол ұшын созуға тырысуымыз керек. Қалың елдің көңіліне қаяу салған індеті жұдырықтай жұмыла күрессек ғана жеңіп шығамыз, – дейді Әсемқан Серқанұлы.

- Облыстық маслихат депутаты, белгілі кәсіпкер Әсемқан Серқанұлы ағамызға дәрігерлеріміздің атынан көрсеткен ауқымды көмегі мен қолдауы үшін алғысымызды білдіреміз. Күндіз-түні тынбай еңбектеніп жатқан дәрігерлер қауымына бұл үлкен қолдау деп білемін, – дейді Семей қалалық Жедел медициналық жәрдем ауруханасының бас дәрігері Е.Бүркітов.

ШҚО-да дәрігерлерді қолдау мақсатында «Nur Otan» партиясының басшылығымен түрлі ауқымды іс-шаралардың жүзеге асып жатқанын айта кетейік.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar