USD491.7EUR531.28RUB5.07

Оқушыларға мектеп формасын кию міндеттелмейді

13 шілде 2020, 14:41
Жаңа оқу жылында оқушыларға мектеп формасын кию міндеттелмейді.
Оқушыларға мектеп формасын кию міндеттелмейді

Бұл туралы онлайн форматта өткен брифинг барысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, мектеп формасы деген түсінік, оның қағидаты мен талаптары ешқайда жоғалып кетпейді. Алайда мектеп формасына қатысты бұйрыққа арнайы тармақ енгізілмек. Бұл тармаққа сәйкес  төтенше жағдай, карантин, шектеу шаралары мен басқа да форс-мажор жағдайларда оқушыларға мектепке классикалық іскерлік үлгідегі киіммен келуге рұқсат беріледі. Мұндай шешім халықтың материалдық жағдайын ескергендіктен қабылданып отыр.

- "Қазіргі жағдайда бұл шешімнің маңызы зор деп есептейміз. Бұл кеңес сипатында емес, Білім және ғылым министрлігінің әділет органдарында тіркелген бұйрық негізінде жүргізіледі. Шешімнің нормативті-құқықтық құжат ретінде сипаты болуы керек", - деді министр.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar