
Бүгін аталмыш жобаның презентациясы өтті. Вадим Шагаловтың айтуынша, осы роботтың көмегімен газ түтіктеріндегі кедергілерді анықтауға болады. Роботты телефон немесе ноутбуктің көмегімен басқаруға мүмкіндік бар.
- Шыны керек, жобаға алдағы уақытта бірқатар толықтыру енгізу қажет. Роботтың электронды бөлігін Arduino, Raspberry Pi және SLAMTEC сияқты аппараттық-бағдарламалық құралдардың көмегімен жабдықтадым. Жалпы, бұл робот арқылы қолжетімсіз орындардағы олқылықтарды анықтап, оны фото-видеоға түсіруге болады, - деді Вадим Шагалов.
Презентация соңында колледж директоры Вадим Шагаловқа жылы лебізін білдіріп, алғыс хатты табыс етті.