Мобильдік топ өкілдері мен «Теплокоммунэнерго» қызметкерлері Б.Момышұлы, 35 квартал сонымен қатар орталық аялдама мекен-жайлары бойынша жылудан ажырату жұмыстарын жүргізді.
«Теплокоммунэнерго» жылумен қамтамасыз ету ұйымының қызметкерлері 5-ші маусымнан бастап заңды және жеке тұлғаларға бірнеше мәрте ескерту қағаздарын жібергендерін алға тартып отыр.
Балнұр Жақыпова, жылу және электр энергиясын еспке алу және іске саыру қызметі басшысның орынбасары: - Біз қарыз мөлшері 100 000 теңгеден асқандарға ескерту қағаздарын жібердік. Заңды тұлғаларға 282 ескерту қағазын жіберсек, жер үйлерге 48 ескерту жібердік. Заңды тұлғалардың қарыз мөлшері 162 млн-ға жетті. Ал жеке тұлғалардың қарыз мөлшері 151 млн-нан астам. Қарыз мөлшері жүз мың теңгеден асқандарды жылудан ажырату жұмыстары басталды. Қазір елімізде орын алған төтенше жағдайларға байланысты сот ісі қозғалмады. Айта кету керек, жылудан ажыратып жатқан борышкерлер карантинге дейін қарыз болғандар. Олар карантин кезінде төлей алуға шамамыз келмейді деп ешқандай хат жазбаған. Сондықтан, ең қатаң шаралар қабылданып, жылыту жүйесінен ажыратылды. Енді оларға тағы да жылу алу үшін өз қарыздарын өтеуге ғана емес, сонымен қатар қосу үшін қаражат төлеуге тура келеді.
Алайда, коммуналдық борыштарды өндіріп алу жөніндегі мобильдік топ өкілдерінің сапары кезінде кәсіп иелері орнында болған жоқ. Рейд барысында кейбір жеке тұлғалардың үйлері жалға беретіндігі де анықталды.
Александр Борисович, жылу инспекциясының бастығы:
-Қазір біз жылудан ажыратып жатқандардың көбі заңды тұлғалар. Олар ешқандай ескертуге құлақ аспағандықтан осындай қатаң шараларды қабылдауға мәжбүрміз. Шыны керек, уақытылы қарыздарын төлесе осындай жағдай болмайтын еді. Енді қайтадан жылуға қосылу үшін қосымша қаражаттары кетеді. Онда өзінің есептеулері, жұмысшылардың жұмысы барлығы ескеріледі.
Айта кету керек, борышкерлердің арасында берешегіне үн қатып, бөліп төлеп жатқандар да табылды. Ескерту қағазы келген сәттен бастап, жылу беру ұйымына келіп, арнайы хаттама толтырғандар жылудан ажыратылмады. Сондықтан борышкер қатарына ілікпеу үшін жылу ұйымының мамандары тұрғындарды қарыздарын уақытылы төлеуге шақырады.
А.Тұмарова