USD483.23EUR534.74RUB5.12

Су құбырларының 70 пайызының тозығы жеткен

24 маусым 2020, 10:13
Семей қаласындағы Дулатов көшесіндегі жол көлік жүргізушілеріне қолайсыздық тудыруда.
Су құбырларының 70 пайызының тозығы жеткен

2019 жылдың күзінде «Су құбырларын жаңғырту»  жобасы аясында жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Соған байланысты асфальт жабындылары алынып тасталған екен.  Жоспарға сәйкес оны қалыпқа келтіру жұмыстары сәуір айына дейін аяқталуы тиіс еді. Алайда, жол мәселесі әлі күнге дейін жөнделмеген. Тұрғындар да осы мәселеге байланысты өз реніштерін білдіруде.

   Қазіргі таңда қаламыздағы суқұбырларының 70 пайызының тозығы жеткен.Осыған байланысты Еуропалық қайта құру және даму банкінің қаржыландыруымен қаламызда құбырларды жаңарту жұмыстары іске асырылуда.

Семей қаласының жер су асты құбырларының басым көпшілігінің  тозығы жеткен. Олар 1950 жылдары салынған. Қазіргі таңда олардың жетпіс пайызы  авариялық жағдайда. Еуропалық қайта құру және даму банкінің қаржыландыруы арқасында қаламыздағы құбырлар жаңартылуда,-дейді «Семей су арнасы» МКК су бақылау бөлімінің басшысы Талғат Мадияров.

Су құбырларын ауыстыру жұмыстарына 350 миллион қаражат бөлініп отыр.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

5 сағатқа жетпей
27 қыркүйек 2024, 10:07
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar