Әкім тексерісінің бірінші нысаны – Қарағайлы шағын ауданын жылумен қамтамасыз етуге бағытталған жылу қазандығы. Қарағайлы шағын ауданының әлі де болса кеңейіп, барлығы 60 мың пәтер пайдалануға берілетінін ескерер болсақ, бұл өте дұрыс шешім. Қыруар қаржы бөлінгендіктен, қазандық құрылысын тікелей облыс әкімі Даниал Ахметов өз бақылауына алған.
Ермак СӘЛІМОВ,
Семей қаласының әкімі:
-Биылғы жылы пайдалануға берілетін үйлерді қатаң бақылауға аламыз. Әсіресе, қаржының игерілуін. Сондай-ақ, жұмысшылардың осында жетуін барынша кедергісіз ету керек. Рұқсат қағаздарымен қамтамасыз етілуін қадағалаңыздар.
«Северный» сауда-логистикалық орталығына жаңа жол салынады. Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов көлік қозғалысы қарқын алмай тұрғанда, жол жөндеу жұмысын күшейтуді тапсырды. Сеченов көшесінің бойында жаңа жол құрылысы басталды. Бұл жол, әсіресе ауылшаруашылық жәрмеңкелер кезінде, адам және көлік ағыны кезінде Қаржаубайұлы көшесінен біраз ауыртпалықты өзіне алуы тиіс.
Жұмысшылардың жұмыс кестесі - ауысыммен және тәулік бойы жұмыс істеу керек. Сонымен қатар, облыс әкімінің тапсырмасы бойынша биыл жолдардағы барлық бөлуші жолақтарды алып тастаймыз. Жолаушылар өткелі бар жерлерде, қауіпсіздік аралдары қалады. Қаражат және материалмен қамтамасыз етілген. Бұл жұмыстарға жалпы қаржыландыру жеті миллиард теңгені құрайды.
Қабанбай батыр көшесінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Алдағы күндері көпірде және сол жағалаудағы айналымда жөндеу жұмыстары жүреді.Биылғы жылы осындай ахуалға қарамастан қала тұрғындарын қуантатын бір жағдай Абай атындағы музыкалық драма театрының ғимаратында күрделі жөндеу жұмыстары басталып кетті. Достоевский атындағы театр директоры Якова Горельниковтың айтуынша, театр салынғанына шамамен 40 жыл болса, сол уақыттан бері күрделі жөндеу көрмеген. Театр ғимаратының іші де сырты да ескірген.
Яков ГОРЕЛЬНИКОВ-Достоевский атындағы театр директоры
- Ұлы Абайдың 175 жылдығына арнап жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр деуге болады, әрине. Дегенмен, мерейтой өткен соң ғимарат қалады және ол халық, көрермен игілігіне жұмыс істейтін болады. Сахна, планшеті 40 жыл бойы ауыстырылмағандықтан шіріп кетті десе де болады. Біздің алдымызда тұрған мақсат, көрермен үшін де, көркем ұжым үшін де қолайлы жағдай жасау.
Тексеріс соңында шаһар басшысы, коронавирусқ қарамастан, барлық саладағы жұмыс қарқыны тоқтамақ түгіл, үдей түсетінін хабарлады.