USD448.15EUR483.46RUB4.86

Адам – керуен, өмір – жол

30 наурыз 2020, 11:21
Заман легімен, қоғам дамуымен бірге жасасып, тарих бетінен өшпейтін игі істер болады. Қайта уақыт өткен сайын тарих тасасында қалмай белгілі адамдардың ерен еңбегінің, асқан қамқорлығының арқасында қайта жаңғырып, ел сүйсінетін шараға айналатыны бар. Зерттеп, зейін сала қараған адамға бұл еңбектердің аса ыждаһаттылықпен, құрметпен атқарылып жатқанын аңғару қиын емес.
Адам – керуен, өмір – жол

ТҮРКСІБ – ТӘҢІРДІҢ ТАРТҚАН СЫЙЫ

                Шығыста «Жол дегеніміз – өмір» деген қанатты сөз бар. Адамдар ертеден-ақ жол бойына қоныстанып отырған. Жол адаммен бірге жаратылып, адам игілігіне айналған.

Бұл ұғым солтүстіктен оңтүстікке,  батыстан шығысқа мыңдаған шақырымға созылған Қазақстан үшін ғана айтылғандай еді. Ал, Түрксіб темір жолы қазақ халқы үшін тәңірінің тартқан сыйындай болды. Бүкіл ел болып жабыла салған шойын жолдың қызығынан қиындығы көп болды. Шөлейт, жартылай шөлейт аймақтарда, қарабайыр құрал-саймандармен құрылыс жүргізілді. Тарих парақтарын ақтарған жан Түрксіб темір жолының қайратты жандардың ерен еңбегінің арқасында салынғанын біледі.

                Шын мәніндегі темір жолды  Қазақстан  Түрксібтен бастады. Шығыстағы (116 км)- Локть-Семей – 1913-1915 жылдары салынған салынған Алтай темір жолын, Орта Азиямен жалғастырушы.   Түркстан-Сібір темір жолын екі жақтан бірдей салу ұйғарылды. 1927 жылдың 15 шілдесі күні солтүстіктен Семейден және осы жылдың 2-ші қарашасы күні оңтүстіктен-Луговая стансасынан алғашқы рельстер салынды. РСФСР-ң Халық комиссарлар кеңесінде құрлысқа көмек көрсету комитеті құрылды. Комитет төрағасы болып Халық Комиссарлар Кеңесі төрағасының орынбасары ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ, Владимир Шатов құрлыс бастығы болып тағайындалды. Құрлысқа жұмысшы күші 1928 жылы шамамен  20 мың, 1929 жылы 30 мың, 1930 жылы 20 мың адам кабылдану керек еді; ал шындығында 1929 жылы құрлыста 40 мың, 1930 жылы 50 мың адам істеген. 1927 жылдың алғашқы айларынд-ақ Мәскеу, Ленинград, Харьков, Днепропетровск сияқты  РСФСР мен Украйнаның өндіріс орындарынан бетоншылар, арматуршылар, байланысшылар, жолтөсеушілер келе бастады: Черкасс пен Миусстан грабарьлар келді. Ленинградтық инженерлер мен техниктер Семей, Алматы және Мәскеу аралығында тұрақты радио байланыс орнатуға көмектесті. Құрлысшылардың негізі қазақ, орыс, украин сияқты жергілікті ұлт өкілдерінен құралды. Республика басшылығы құрылысты мамандармен қысқа мерізімде қамтамасыз етті. Соның арқасында Түрксіб темір жолының пайдалануға берілу мерізімі бір жылға қысқарды. Әрине жол салу қиындықсыз болған жоқ, себебі шаруалар, малшылар және басқалар негізінен ешқандай мамандығы жоқ, көбі хат танымайтын. Сондықтан, ұлттық жұмысшы табының мамандарын дайындау қоса жүргізілді. Түрксіб құрлысында 10 мыңнан астам қазақ еңбек етті. Тек 1930-1933 жылдары 8,2 мың маман дайындалды. Оның 4,5 мыңы қазақтар болды. "Түрксіб-екпінді құрлыс!" деген ұрандар кең тарды. 1930 жылдың 28 сәуірі күні 9 сағат 04 минутта Айна-Бұлақ станциясында Түркстан-Сібір темір жолының солтүстік пен оңтүстік бөліктері түйісті. Осы жылдың 1 мамыры күні уақытша,  1931 жылдың 1 қарашасынан бастап тұрақты пайдалануға берілді. Түрксиб темір жолын салудағы қанша мыңдаған адамдардың ерен еңбектері бағаланып, Түрксиб темір жолының ұжымын  "Еңбек қызыл Ту" орденімен марапаттады. Жүздеген еңбек озаттары  "Еңбек Қызыл Ту" ордендерімен,"Сталиндік шақыру" белгісімен марапатталды. 

                  Солтүстік, Оңтүстік телімдерінің Айнабұлақ стансиясындағы түйісуінің "Күміс қазығын қағыу" жерлесіміз Жармалық  "Құрмет грамотасы мен Еңбек  қызыл Ту орденігің иегері  жол төсеу артельнің үздігі Ахметжан Маженовке құрмет көрсетілді.

 Түрксіб құрлысы республика астанасының Қызылордадан Алматыға көшуін жылдамдатты. Алматы қаласы республиканың әкімшілік және мәдени  орталығына айналды. Жаңа Семей, Шар, Жаңғыз-төбе,Ақтоғай, Лепсі, Матай, Сары өзек, Шу, Аягөз, Үш төбе, Отар сыяқты жаңа қалалар мен жұмысшы кенттері бой котерді. Түрксіб ұлттық мамандарды дайындаудың ордасы болды. 10 мыңнан аса көшпелі қазақтар темір жол ісіін меңгерді. Бұрын соңды болмаған қазақ династияларының негізін қалады.                                              Ұлы Отан соғысының сұрапыл жылдарында Түрксіб жолы соғыс жүктерін тасымалдауда әскери эшалондар мен техникаларды, сондай-ақ қорғаныс өндірістеріне шикі зат пен жанар-жағар май, көлемді жағдайда халық шаруашылық жүктерін тасымалдауда ерен еңбек үлгісін көрсетті. Әр паровоздың орташа тәуліктік жүрісін 500 шақырымға дейін жеткізейік"-деген паровоз машинисі Мұқтар Қаптоғаев көтерген "бесжүздіктер" қозғалысы озық тәжірибеге айналды. Қыйын кезде ерлермен иық тіресіп, қай шауашылықта болсын әйелдер де еңбек етті. Мәселен Матай депосынан паровоз-машинистері Г.Савченко,С.Прохорова, Б. Әжібаева, Н. Критина,Д. Ақтаева тағы басқалар болды. Негізгі жұмыстарды  іс тетігін білетін мамандар шешті. "Адамдар Түрксібті салды, Түрксіб адамдарды тәрбиеледі. Түрксиб темір жолы адамдарға жаңа өмір сыйлады.

БІР ТАРИХ МЫҢ ТАРИХТЫ ҚОЗҒАЙДЫ

                 Семей теміржол бөлімшесі жанынан құрылған  "Түрксиб-Семей" мұражайы өткен тарих пен бүгінгі заман беттерін жалғастырып тұрған жәдігер-мұралардың жинақталған жарқын көрінісі сақталған мәдени орын екендігі даусыз. Мұражай және «Түрксиб-Семей» қоғамдық қорының директоры байырғы теміржолшы бүгінде құрметті демалыста болса да қоғам тынысынан сырт қалмаған азамат Көшжанов  Мақсұт ағаға жолығып, теміржол ғимаратында орналасқан мұражайға барып, ондағы экспонаттармен танысып қайтқан едік. «Мың естігенше, бір көрген артық» дегендей, көзбен көріп көңілге тоқыған дүниенің әсері өзгеше болады. Мені таңқалдырғаны – мұражайдың бай қоры. Хроноглогиялық жүйе-тәртіппен орналасқан тарих беттінен сыр шертетін сурет-жәдігерлер өздері сөйлей жөнелгендей екен.

                Бір тарих мың тарихты қозғайды. Қазақ темір жолының тарихына алтын әріптермен жазылған даңқты Түрксіб магистралының салыпып, пайдалануға берілгеніне – 90 жыл. Байыптай білген жанға бұл – аз тарих емес. Замандардан жеткен жәдігерлер, фото-суреттер, деректі фильмдер, естеліктер, тарихи кітаптар жинақталып, келушілерді мазмұнды деректермен қарсы алғандай. 1978 жылы құрылып, 1996 жылға дейін жұмыс істеген мұражай қайта құрудың алғашқы дүрбелеңінде жабылып қалады. 2013 жылдың 6 маусымында «Түрксіб-Семей» қоғамдық қоры құрылып, осы жылдың 2-тамызында қайта ашылады. «Түрксіб-Семей» қоғамдық қорының негізгі мақсаты – мұражайды қайтап құрып, онына келтіру еді. Оның қызметі өткенді өшірмей, теміржол саласында талай жыл еңбек еткен ардагер-теміржолшыларды құрмет көрсету. Сонымен қатар теміржол тарихына қатысты барлық мұрағаттарды жинап, қорын толықтырып, өлке тарихының бір бөлігіне айналдыруды мақсат етеді. Көзбен көріп көкірекке түйген дүние ол – әр қабырғаның өзіндік мазмұн-мәні, жәдігерлердің қойылымы, рәсімделген құжаттар, архивтік деректер өзінше бір ансамль құрғаны. Мұражайдағы тарихи альбомдар мен кітаптар тайлай тарих кезеңдерінен сыр шерткендей.

                Мұражайда зерттеліп-зерделенген тарихи кезеңдер: 1913-1915 жылдары салынған «Новониколаевка (Новосибирск) - Барнаул (Биск тармағымен) - Семей», 1927- 1931 жылдары Семей-Алматы-Бішкек (Фрунзе) аралығында салынған «Түрксіб» темір жолының,  1958 жылдан «Қазақ темір жолы» болып Қазақстан бойынша қайта құрылуынан бергі бүгінгі күнге дейінгі  және Семей темір жол бөлімшесі мекемелерінің тарихымен қоса техникаларының уақыт сай жетілулері, адамдардың әр алуан еңбек түрлері, тұрмысы, пайдаланған құрал-саймандары, сондай-ақ еңбек озаттары, династиялар, білікті басшылар, «Елбасының Тәуелсіздік алғаннан бергі жол қатынасын дамытудағы сара жолдары, жол қауіпсіздігі, кәсіподақ, ардагерлер, спорт ұйымдары, «Невада-Семей» қозғалысы, «СемейДегелең» атам полигоны сынағының тарихынан, «абыралы-Дегелең» қоғамдық қоры, «Дегелең сынақ алаңы», «Абыралы-дегелең қасіреті», «Қайнар синдромы», 1934 жылдан ең соңы 2004 жылға дейін пойыз қозғалысында пайдаланылған «Электрожезлдік құрылымы» станциясы, қазіргі бағдаршам құрылымы, рельстің маркалары, вагон, паровоз макеттері, байланыс станциясының аппараттары, өрт қауіпсіздігі тағы басқа жәдігерлер қойылған. Міне, бір ғана мұражайдың сан салалы бөлімдері бай тарих беттерін осылайша жарқырата көрсетіп, өткен күн мен бүгінгінің жалғасындай болып, жұмыс жасап тұрғанына риза боласың.

ТЕМІР ЖОЛ ТАРИХЫН ЗЕРДЕЛЕГЕН  ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРТ                                      

                Мұражай жұмыстарының басында ғұмырын теміржол саласына арнаған қазыналы қарт күні бүгінге дейін шойын жолдың қызығы мен қиындығын көріп, бары мен жоғын түгендеп келе жатқан ардагер ақсақал Мақсұт Көшжанұлы дер едік. «Түрксіб-Семей» қоғамдық  қорын құрып, «Түрксіб-Семей» мұражайының негізін қалады. Жарты ғасырдан астам ғұмырын белгі беру-байланыс саласына арнаған жан. Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қиын өмірді басынан өткерген Мақсұт Көшжан бұғанасы қатпаған бала болса да, ауылдағы аналармен бірге қиын жұмыстарды атқарды. Соғысқа кеткен әкесінен 1944 жылы қарақағаз келіп, ал анасы 1946 жылы сүзек ауыруынан қайтыс болады. Балалық шағы соғыс өртіне шарпылып, ата-ана жылуынан айырған тағдыр жасөспірім жігітті жаыта алған жоқ. Қайта өршелене алға ұмтылып, үкімет тапсырған ауыр да жауапты жұмыстарды атқарды. 1957 жылы теміржол училищесін үздік аяқтап, Ташкенттің теміржол иститутының АТС факультетіне оқуға түседі. Осылайша шойынжол саласындағы өмір жолы басталады. Еңбек жолында өсу сатыларынан өтіп, механик, аға механик, инженер, аға инженер, өндіріс, бөлім бастығы болып жемісті еңбек етті

                 Мақсұт Көшжанұлы көп жылғы еңбек тәжірибесін, білік-білімін кейінгі жастарға үйрету мақсатында ұстаздық қызметке де араласты. 1994 жылы Семей темір жол училищесінде мамандыққа оқыту пәндерінен дәріс беріп жүрген инженер азамат Россияға аударғанда, пән мұғалімі табылмай, темір жол бөлімшесінен көмек сұрағанда жұмыс аралығында 2000 жылға дейін дәріс береді. Көкірегі шежіре, үлгілі әңгіме, қызықты тарихқа толы қарттың заман ағымынан қалыс қалмай, өмірден көргені мен түйгенін кейінгіге мұра етіп қалдыруда атқарып жүрген жұмысы көңіл көншітерліктей, жұрт риза болатындай-ақ.   

                Мақсұт Көшжанұлы – тамырын тереңге жіберіп, бұтағын кеңге жайған бәтеректей ұрпағымен көктеп отырған қарт. Жұбайы Камиля – оқу-ағарту ісінің үздігі. Өсіп-өнген үлгілі отбасы. Зейнеткерлікке шықса да Мақсұт аға теміржолға байланысты жаңалықтардан шет қалып көрген емес. Тарих мұраларын зерделеп, деректерге үңіле отырып Түрксіб темір жолын салудағы "Тарих тарландарына" көше, бекет, мектеп аттары берілсе, мемериал тақталар орнатылса артық болмас еді» деген ойын да жеткізді. «Келешек ұрпақ Түрксібшілердің даңқты дәстүрлерін жалғастырып, олардың бай тәжірибесін дамытып, Отанымыздың күре тамыры – Қазақ темір жолын жетістікке жеткізе береді  деп сенім білдіремін» дейді қазыналы қарт.

                Тыл-еңбек ардагері, Семей темір жол бөлімшесінің "Түрксіб-Семей" қоғамдық қоры мен "Түрксіб-Семей" мұражайының директоры Мақсұт Көшжанұлының заман талабына сай мұражайдың негізін қалап, жандандырып, келешек қамын бүгіннен ойластырған келелі ісіне арналған сөзіміз бір мақала шеңберіне сия қоймас. Тарих қойнауына үн қатқан мұражай деректері талай мақалаға арқау болары сөзсіз.

                                                                                                                                                                     Үміт Шәріпова

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

09 қаңтар 2024, 15:47
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar