USD524.65EUR552.19RUB5.14

Жаңа Қазақстан- цифрлы сауатты мемлекет

12 сәуір 2023, 16:00
Қазақстан-сан ғасырдан бері өз елінің тәуелсіздігі мен баяндылығы үшін аянбай күресіп келе жатқан құтты мекен. Бабалар рухымен, терең тарихпен бізге жеткен тәуелсіздік-ол біздің аманатымыз...
Жаңа Қазақстан- цифрлы сауатты мемлекет

 Тәуелсіздік туын тәж етіп келе жатқан   Отанымыз отыз жылдан астам уақыт ішінде көптегеген қызық әрі қиын кездерден өтіп келуде. Даму, жылжу, тәжірибе алмасу сынды жолдармен өзінің мықты саясатын бекіте білді.

 Әлемнің алпауыттары-біліммен жарысатын кезге жеттік, техниканың тілін жіті меңгерген, сауатты, робототехника мен инновацияның түр-түрін бағамдайтын жастар сахна төрінің шыңынан көрінуде. Дәл қазіргі сәтте, әлемдік статистика бұл тұрғыда алдыңғы шепте тұрған мемлекеттердің тізімін жариялады. Олардың алдыңғы қатарларында: АҚШ, Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония ал ТМД елдерінен Ресей мен Өзбекстан мемлекеттері бар. Аталмыш мемлекеттердің көш басында көрінуіне тез қарқынмен, үздіксіз жаңа тенденцияларды ойлап табуында екен.

 Қазақстан да-цифрландырудан алға қарай қанат қағып келе жатқан жас мемлекеттердің бірі. Келбеті көрісті, өркениеті өрісті атамекенімізде жалындап тұрған жастар көп. Қазақстан билігі тәуелсіздік алған жылдардан бастап ең көп, етене көңіл бөліп келе жатқан нәрсе-ол білім мен ғылым саласы. Ел жастарының толыққанды білім алып, сапалы кадр атануына барынша жағдай жасап келе жатыр.

 Бүгінгі таңда балабақшадан бастап, барлық мемлекеттік мекемелер мен орталықтар толықтай цифрландырылған. Енді кезегінше сенсорлы цифрландыруға өтіп жатқан жайымыз бар. Бұл да техникалық тұрғыда дамудың алғышарттарының бірі деп ойлаймын.

 Жаңа Қазақстан жаңа бастамалардан тұрады. Бұған ел президентінің жүйелі саясаты мен қолдауы дәлел. Қасым-Жомарт Тоқаевтың былтырғы наурыз айындағы жолдауында білім беру саласына ерекше көңіл бөлінді. Мұғалімдердің мәртебесі, олардың жалақысы, отандық білім беру сапасын көрсетуге бағытталған жоспарлар - жолдаудың негізгі өлшемдері. Сонымен қатар, мектеп мәселесі толық шешілуі керек деген мәселеге нүкте қойылды. Біздің елімізде білім беру сапасының көрсеткіші, оны шешу жолдары туралы тағы бір айта кететін жайт бар. Осы уақытқа дейін елдегі дипломдардың сексен пайызы гуманитарлық бағытта, яғни: мұғалімдер, дәрігерлер, заңгер  мамандықтары бойынша берілді. Сондықтан да жаратылыстану бағыты ақсаңдап қалды, - деді мемлекет басшысы. Елдің кейбір университеттері әлемдегі ең үздік он жоғары оқу орындарының атынан шығуға бағытталуы керек. Шетелден даму мен өркендеу үшін қажетті мамандарды тарту қажет, егер оларға жоғары жалақы төленсе, олар біздің елімізде жетіспейтін мамандарды даярлайтын болады, деді ол.

 Ия, бұл маңызды сұрақ. Қазақстанда математика оқытушылары, зертханашылар мен талдаушылар, сәулетшілер мен дизайнерлер-жобалаушылар, сарапшы-талдаушылар мен инженерлер, осы саладағы заманауи мамандар іс жүзінде жоқ. Санынан гөрі сапасы көп, қажетті мамандарды даярлау-бұл жаңа Қазақстанның жаңа білім беру бағытының алғашқы жоспары. Жаңа Қазақстанды құрудың басты мақсаты-жаңа ұлтты қалыптастыру емес, инновациялық, білімді, сауатты, заманауи ортаны құру. Әлемдік білім нарығына кіріп, жетекші мемлекеттердің бірі болу.

 Қазақстан-бұл цифрлық сауаттылық жетілген мемлекет. Алайда, бұл барлық әлеуметтік маңызы бар нысандар мен білім беру орталықтары толығымен жабдықталып, онлайн-сервистерге ауыстырылады және зияткерлік жүйе қажетті функцияларды орындайды дегенді білдірмейді. Бізге әлі де жұмысты жеңілдететін сенсорлық түймелері бар жүйелер қажет. Отандық білім беруді дамыту үшін бұл саланы назардан тыс қалдыруға болмайды. IT-мамандардың санын көбейту және инновациялық дамуды жандандыру қажет. Ол үшін оқушыны жас кезінен бастап жаратылыстану ғылымдары, технологиялар және цифрлық құралдар бағытына қызықтыру қажет. Денсаулыққа зиян келтірмеу үшін смартфондар мен түрлі гаджеттерді уақтылы, білім беру түрінде қолдануға дағдылану қажет. Тиімді ресурс ретінде әртүрлі әлеуметтік желілерді, интернетті қалыптастыруға үйрету қажет. Білім-бұл болашаққа салынған инвестиция.

 Қазіргі уақытта отандық білім беру нарығын цифрлық жандандыру мақсатында көптеген өңірлер оқушыларға арналған тегін it-көрмелер ұйымдастырады, нәтижесінде оқушылар осы мектептерге қызығушылық танытады. Мемлекет пен кәсіпкерлер, ауыл мектептері мен орта білім беру орталықтарын түрлі технологиялармен жарақтандыру бойынша жұмыс жүргізуде. Жоғары оқу орындары толық цифрлық құрылғыларды пайдалана отырып сабақтар өткізеді. Оқу зертханалары мен практикалық сыныптар инновациялық жабдықтармен жабдықталған және әлемдік деңгейде жұмыс істейді. Робототехника сабақтары күнделікті өмірге қажетті роботты құрылғыларды жасайды. Бұл үлкен жетістік. Егер білім беру секторы осындай инновациялық форматта жұмысын жалғастыра берсе, біз цифрлық тұрғыдан дамыған, сауатты, қуатты мемлекет болатынымыз сөзсіз.

 Ақпараттық қоғамды цифрлық құндылықтарсыз елестету мүмкін емес. Дәл осы ширек ғасырдың сұранысы инновациямен тығыз байланысты. Білім беру траекториясын цифрландыру халықтың әлеуметтік өмірінің сапасын арттырады. Біз сондай - ақ халықты технологиялармен дұрыс таныстыруды-цифрлық сауаттылық деп атаймыз. Білім беру саласындағы инноваторлар күн сайын әртүрлі технологияларды ойлап табатындығын ескере отырып, біз бүкіл әлемнің қарқынды дамып келе жатқанын білеміз. Сол себепті оны технологияның үстемдік ету уақыты деп атайды. Қазіргі уақытта тұжырымдамалық жүйеде білім беру бағыты келесі үш бағыт бойынша жұмыс істейді:

  1. білім беруді толық цифрландыру;
  2. сандық білім беру мазмұны;
  3. білім беру процесін цифрландыру;

 Бүгінгі таңда отандық мектептер инновациялық форматта жұмыс істей  бастағандықтан, барлық сыныптар бұлтты білім беру жүйесіне қосылған. Оларға виртуалды практикалық сабақтар мен зертханалар, онлайн оқулықтар, дискілер мен пәндік бағдарламалары бар гаджеттер, интернет пен смартфондар, сандық теледидар экрандары мен компьютерлер кіреді. Тиімді және қызықты заманауи сабақтарға арналған барлық құрылғылар, дамудың алғышарттарының бірі. Білім беру саласындағы цифрландыру түрлері, сонымен қатар, әр түрлі қосымшалар арқылы тиімді оқу бағдарламаларын мен оқу мазмұнын құрды. Студенттер сабаққа қатысып, онлайн жұмыс істей алады. Олар қажетті ақпаратты баспа түрінде жазып, электронды түрде бере алады. Жалпы, отандық білім беру жүйесін цифрландыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп, өз жемісін беруде. Білім беру процесі әр оқушының жеке басына байланысты болуы керек. Отандық білім беруді цифрландыру "Қазақстан-2030" бағдарламасын іске асыруға ықпал ететін болады. Бүгінгі ғасырдың заманауи талаптары бастауыш мектептен бастап білім беруді цифрландыруды негіздейді. Идея мынада: ХХІ ғасырда дағдыларды игеруге мүмкіндік беру. Жаңа Қазақстан-жаңа бастамалардың мекені.

Айсұлу СЕРІКБОСЫНҚЫЗЫ

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar