Бұл міндет қылмыстық істерді тергеу барысында заң бұзушылықтарды жою жөнінде ұсынулар енгізуге құқығы бар тергеушілерге жүктелген.
2019 жылы БКП-ның үйлестіру жұмысының нәтижесінде прокуратура және қылмыстық қудалау органдары 1 112 ұсыну енгізді, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 10 % -ға артқан.
Осындай негіздер бойынша соттар 26 жеке қаулы шығарды, олардың 13-і мемлекеттік айыптаушылардың өтінішімен қабылданған.
Оларды қарау нәтижелері бойынша 240 тұлға тәртіптік жауапкершілікке, 5 - әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 25 қызметкермен еңбек шарттары бұзылды, 730 құқықтық түсіндіру шаралары өткізілді.
Бұл шешімдерді қабылдауға әр түрлі факторлар әсер етті: жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін бұзу, күзет құрылымдарына ведомстволық бақылауды тиісінше жүргізбеу, бейнебақылау құрылғыларының жетіспеуі, жарықтандырудың жоқтығы, «есепке алынған» тұлғаларға тиісті бақылау жасамауы және тағы басқалар.
Мысалы, Семей көлік прокуратурасымен қылмыстық істі зерделеу барысында құны 60 мың теңге тұратын ұрланған ұялы телефон ломбардпен 10 мың теңгеге қарыз беру үшін кепілге алынғаны анықталды.
Ломбард қызметкері телефондағы құқықтық белгілейтін құжаттардың бар немесе жоғын тексермей, қылмыскерге ұрланған мүлікті сату мүмкіндігін берген.
Осы факті бойынша уәкілетті орган тиісті тексеру жұмыстарын жүргізуде.
Шу, Достық көлік прокурорлары телефон және басқа да жеке заттардың ұрлығын пойыздарда «билетсіз жолаушылармен» жасалғандығын анықтаған, ол бойынша кінәлі жолсеріктер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ҚТЖ-ға алдын-алу шараларын күшейту туралы ұсыну енгізілді.
Көкшетау көлік прокуратурасымен «есепке алынған» тұлғаға тиісті түрде пробациялық бақылау жүргізбеу фактісі анықталды, яғни қауіпті қылмыскер 2019 жылғы 18 желтоқсанда түнгі уақытта алкогольдік масаң күйде адамдар тобымен тонау жасаған жерінде ұсталған.
Пробация қызметінің материалдарын зерделеу барысында бұл қауіпті қылмыскер осы жағдайға дейін 12 рет әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны және тараптардың татуласуына байланысты 5 рет қылмыстық жауаптылықтан босатылғаны анықталды.
Екінші күдікті де меншікке қарсы бірнеше рет қылмыс жасаушы (ұрлық, тонау) тұлға ретінде пробациялық есепте тұрған.
Көлік прокуратурасымен ішкі істер органдарының қызметкерлеріне қатысты қызметтегі әрекетсіздік және салғырттық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеу мәселесі қарастырылуда.
Бас көлік прокуратурасы