USD446.49EUR475.38RUB4.79

Азық-түліктің орнына 5 мың теңге: мұқтаж балаларға төлемді қалай алуға болады

23 қараша 2022, 11:44
2023 жылғы қаңтардан бастап кепілдендірілген әлеуметтік пакет ақшалай түрде берілетін болады.
Азық-түліктің орнына 5 мың теңге: мұқтаж балаларға төлемді қалай алуға болады

Еңбек министрлігі АӘК алатын балаларға азық-түлік жиынтықтары ауыстырылатын 5000 теңгелік қосымша ақшалай төлем қалай берілетінін түсіндірді.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда АӘК алатын бір жылдан алты жасқа дейінгі балаларға кепілдендірілген әлеуметтік пакет ақшалай түрде берілетін болады.

Еңбек министрлігінің мәліметінше, бұл соманы төлеуге арнайы өтініш берудің қажеті жоқ. 5 000 теңге бала бір жастан алты жасқа дейін тәрбиеленетін отбасының атаулы әлеуметтік көмегімен бірге автоматты түрде алынатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен төмен отбасыларға тағайындалады. Мұндай отбасы мүшелерінің әрқайсысына ай сайынғы сома төленеді, ол әр ауданда және әр отбасында әр түрлі анықталады. АӘК мұқтажына шартсыз немесе шартты көмек көрсетілуі мүмкін.

Шартсыз ақшалай көмек кімге көрсетіледі:

Зейнеткерлік жасқа толуына, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігіне немесе ауруына байланысты еңбекке жарамсыздығына байланысты екі айдан артық жұмыс істей алмайтын жалғызбасты аз қамтылған адамдарға;

Еңбекке қабілеттілігі жоқ аз қамтылған отбасыларға не жалғыз еңбекке қабілетті мүше жеті жасқа дейінгі баласын, немесе мүгедек баласын, бірінші немесе екінші топтағы мүгедекті, бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж қарттарға қамқор болып отырғандарға.

Бұл жағдайда мұқтаждар ай сайын төлемдер алады, ал көмек шарттарын жарты жылда бір рет растау қажет.

Шартты ақшалай көмек кімге көрсетіледі:

Жалғызбасты аз қамтылған еңбекке қабілетті адамдарға;

Құрамында еңбекке қабілетті мүшесі бар аз қамтылған отбасыларға.

Еңбекке қабілетті адамға жұмыс табуға, білім алуға немесе өз ісін ашуға көмектеседі. Шартты жәрдемақы ай сайын тағайындалады немесе бір реттік төленеді — нақты жағдайға байланысты.

АӘК тағайындауға өтінішті "Электрондық үкімет" порталы арқылы немесе тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы беруге болады.

Егер адам ауылдық жерде тұрса, жергілікті әкімге хабарласу қажет. Өтініш беру үшін тек жеке куәлік қажет.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar