
Қазақстанда жаңа жылдан бастап еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдер ұлғаяды, деп хабарлайды премьер-министрдің сайты.
"2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайларына төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері 8,5%-ға ұлғайтылсын", - делінген Үкімет басшысының сайтында жарияланған қаулыда.
Қазақстанның міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне 6,6 млн жұмыс істейтін азамат қатысады. Мемлекеттік қордан әлеуметтік төлемдерді жылына 1,1 млн азамат алады.