Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арнайы жұмыс орындарына орналастырылған мүгедек адамдардың жалақысын субсидиялау мөлшерін анықтады.
Субсидиялау ережелеріне түзетулер жобасы "Ашық НҚА" сайтында жарияланды.
Субсидиялау үшін мүгедек қызметкер мен жұмыс беруші арасында кемінде үш жыл мерзімге еңбек шарты жасалуы тиіс. Жаңа қағидалардың жобасы бойынша субсидиялар республикалық бюджеттен емес, жергілікті бюджеттен және заңнамада тыйым салынбаған басқа да көздерден бөлінетін болады.
Субсидия мөлшері:
жұмысқа орналастырудың алғашқы 12 айы - жалақы мөлшерінің 70 %, бірақ 30 АЕК-тен аспайды;
13-ші айдан 24-ші айға дейін - жалақы мөлшерінің 65%, бірақ 30 АЕК-тен аспайды;
25-ші айдан 36-шы айға дейін - жалақы мөлшерінің 60%, бірақ 30 АЕК-тен аспайды.
Сонымен қатар, арнайы жұмыс орындарын жарақтандыруға арналған субсидиялардың ең жоғары шегі анықталды – ол 300 АЕК-ті құрайды.