USD420.07EUR493.25RUB5.68

3 тамыздан бастап қандай нысандар жұмыс істейді?

28 шілде 2020, 14:58
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда карантин режимі 3 тамыздан бастап қалай жеңілдейтінін айтты.
3 тамыздан бастап қандай нысандар жұмыс істейді?

Мұндай жағдайда келесі нысандардың жұмыс істеуіне рұқсат беріледі:

- ОСО, СО, уақыты мен күндері шектелген сауда желілері, жабық азық-түлік, азық-түлік емес базарлар;

- Балаларды түзету кабинеттері, білім беру, балаларды дамыту орталықтары, топтарда 5 адамнан аспайтын үйірмелер;

- Кезекші топтар режиміндегі мектепке дейінгі балаларды оқыту мекемелері;

- Сұлулық салондары, шаштараздар, косметологиялық қызмет көрсететін орталықтар мен салондар, маникюр және педикюр салондары. 

Сондай-ақ:

- әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, ашық ауада жеке және топтық жаттығуларға. Сондай-ақ, ұлттық құрамалар үшін 30 адамнан аспайтын спорттық жаттығуларға;

- Тұрғындардың көшелерде жүруіне, саябақтарға, скверлерге және жағалауларда - үш адамнан аспайтын топтарға;

- Қоғамдық көліктің маска, санитарлық-дезинфекциялық режимді және кондукторлар бар жағдайда, уақыт бойынша шектеулерді сақтай отырып және адам саны 50 пайыздан аспаған жағдайда жұмыс істеуіне рұқсат етіледі. 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2020
Әрленім және құрастыру
SemStar