USD399.51EUR447.33RUB5.78

Қайырымды жандардың шарапаты

16 сәуір 2020, 11:23
Бүкіл әлемді жайлап келе жатқан «Коронавирус» індеті кімді болсын бей-жай қалдырмасы анық. Ғалымдарымыз, ақхалатты абзал жандар, ел ағалары халыққа қатаң түрде тазалық пен тәртіпті күшейту туралы айтып жатыр. Шыныменде. Тек тәртіпке бағынсақ, тазалықты сақтасақ қана індетті жеңеміз. Тек береке-бірлік керек. Карантинге байланысты барлық жер-жерде, ел-елде, ірі қалалардың өзінде ауқымды сауда орталықтары, мейрамханалар, асханалар мен дүкендер жабылды. Осыған орай, халықтың тұрмыс жағдайы да алаңдатып отыр.
Қайырымды жандардың шарапаты

Халқымыздың қай заманда болмасын ерім деген ерлерінің арқасында келген қиындықтардан аман сау өткенбіз. «Ел басына күн туса, ер етігімен су кешеді» деген мақал осыдан шықса керек. Жақында Бесқарағай ауданы Бөдене ауылында ауылдың біраз кәсіпкер азаматтары бірігіп, бір ірі қара малын сойып, ауылдағы азқамтылған және көпбалалы отбасыларға таратып берді.                 

         «Бүгінгі өтіп жатқан іс-шара негізінде, ел басындағы қиындыққа сәйкес акциямыз кішкене ғана қазақи ауылымыз Бөденеде өтіп жатыр. Бұл шара ауылымыздың  ақсақалдар алқасы және осы ауылдың белді азаматтары, кәсіпкерлері, шаруа қожалық басшыларының көмегімен  ұйымдастырылып жатқан игі іс. Мал сойып құрбандық шалып, еліміздегі азаматтар сауапты істер тындыруда. Ауылымыздан, елімізден  жамандықтың барлығы кетіп қалсын деп тілейміз. Қасиетті Рамазан айымыз келе жатыр. Қазақтың жаңа жылы  Наурыз мейрамы да тойланбай қалды. Осының барлығы халқымыздың көңілінде жүреді. Жер беті жылып, ел арқасы кеңейгеннен кейін осындай игі шараларды ұйымдастырып халықпен бірге қиындықты жеңсек дейміз. Осындайда көпшілікпен бірге екендігімізді сөзбен емес іспен көрсетіп жатырмыз. Осы ауылда көпбалалы отбасылар, жалғызбасты аналар, қарттарымыз бар. Ауылдағы 23 отбасыға көмек қолын бердік. Көмек ретінде отбасыларға ет, ұн, май, шай т.б. күнделікті тұрмысқа керек азық-түлікпен қамтамасыз етіп жатырмыз. Істеп жатқан ісімізді халық көрсін, ел түсінсін дейміз. Осында игі істер алдағы уақытта жүректері кең азаматтардың арқасында жалғасын табады. Төтенше жағдайға байланысты ауылдық округ бойынша маскалар тігу жұмысы ұйымдастырылды. Осындай қиын қыстау кезде жанашыр жандардың бар екенін білеміз»-деді Бесқарағай ауданы Долон округінің әкімі Ипанов  Кенжеғали Құнафияұлы.

 «Құрметті Бесқарағай ауданының тұрғындары, Бөдене ауылының азаматтары барлығымыз жиналып қиын қыстау кезеңде ауылдың әкімі бастаған «Біз біргеміз» атты акция бастауын алды. Ауылда көп басты ананаларға, қарт ата-аналарымызға, көмекке мұқтаж жандарға соларға арнап құрбандық шалып көмек ретінде азық-түлікпен қамтып жатырмыз. Барлығымыз халық болып бірігіп ауылымыздың 23 отбасына көмек қолын беріп жатырмыз»-деді Құсман Думан, “Бөдене” шару қожалығының басшысы:

- Мен осы ауылдың тұрғынымын. Ірі қара малын және қой өсірумен айналысамын. Жыл сайын мемлекеттен ауылдық жерлердегі кәсіпкерлікті дамыту мақсатында қолдау көрсетіледі. Оның барлығы мемлекеттің қамқорлығы. Дегенменде, қандай жағдай болмасын, елге пайдамызды тигізу, қолұшын беру азаматтық парызымыз деп білемін. Сіз болып, біз болып мынау аты жаман індеттен құтылсақ екен. Еліміз аман болсын!-деді кәсіпкер Қуат Молдабаев.

- Бүгінгі шара өте құптарлық іс болды. Мен ауылымыздың анасы ретінде барлық істің басында жүрген азаматтарға, балаларға Алғысымды айтамын. Аты жаман індет бізге келмесін. Жамандық ешқашан жетпесін. «Жақсылық көбейсе, жамандық азаяды» деген бар. Сондықтан жер бетінде ізгілік көбейсін. Ешкімнің жанары жыламасын. Азаматтардың ісіне Аллам береке берсін. Күш-қуат берсін. Көп болып, жұдырық болып, жұмылайық. Қасиетті Рамазан айы келе жатыр. Төрт көзіміз түгел болып, ораза айына бірге жетейік. Алланың жақсылық, шарапатынан күдер үзбейік. Ел іргесі аман, жұртымыз тыныш болсын!

Сын сағатта елдің елдігін көтеріп, халықтың қамын жейтін азаматтар көп болсын! Әсіресе, қазақтың қарашаңырағы, салт дәстүрдің діңгегі ауылдарымыздағы береке -бірлік, ынтымақ, адал ниет жоғалмаса екен. Желкілдеп өсіп келе жатқан бүлдіршіндеріміз бен аузы дуалы қарттарымыз ешқашан жаманшылық көрмей, халқымыз аман болсын! Індеттен аман болайық! Шарапаты мол игі істер жер бетін жаулап, адамзат баласына ешқандай қауіп төнбей, табиғат анамен бірге болсын!                                                                                                       

 Сұлтан Матымов

 Семей -Бөдене- Семей

  

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

4 сағатқа жетпей
07 мамыр 2020, 10:36
30 сәуір 2020, 10:36
16 сәуір 2020, 13:58
16 сәуір 2020, 09:55
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2020
Әрленім және құрастыру
SemStar