USD399.51EUR447.33RUB5.78

Қытайда 4 сәуір коронавирус құрбандарын аза тұту күні болып жарияланды

03 сәуір 2020, 10:24
Қытайда 4 сәуір жаңа коронавирус инфекциясы пандемиясынан көз жұмғандарды жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Мұндай шешімді ҚХР Мемлекеттік кеңесі қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасап.
Қытайда 4 сәуір коронавирус құрбандарын аза тұту күні болып жарияланды

Сенбі күні жергілікті уақыт бойыша сағат 10:00-ден бастап үш минут бойы Қытай халқы қайтыс болғандарды үнсіздікпен еске алады. Елде барлық тулар төмен түсіріліп, қоғамдық көңіл көтеру шаралары тоқтатылады. Сондай-ақ автокөліктер, пойыздар мен кемелердің дыбыс белгілерін береді, сиренаның даусы естіліп тұрады.

Өткен тәулікте Қытайдың құрлықтағы бөлігінде 4 адам коронавирустан көз жұмды, ауру жұқтырғандар саны 31 адамға артқан, тағы 163 адам емделіп шықты, деп хабарлады ҚХР Денсаулық сақтау істері жөніндегі мемлекеттік комитеті.

Бұған дейін хабарлағандай, 1 сәуірден бастап Қытайдың медицина билігі елдегі коронавирустық жағдайдың күнделікті бюллетеніне ауру белгілері жоқ инфекциялар енгізе бастады.

«2020 жылғы 2 сәуірдегі жағдай бойынша Қытайдың құрлықтағы бөлігінде коронавирустың 60 ауру белгілері жоқ жаңа жағдайы тіркелген, оның ішінде 7-уі сырттан әкелінген. Қазіргі уақытта медициналық бақылауда 1027 ауру симптомдары жоқ науқас бар», - делінген жұма күні жарияланған ведомство бюллетенінде.

Соңғы ресии деректер бойынша, құрлықтық Қытайда коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 81, 6 мың адамға жетті, олардың 76,5 мыңы сауығып шықса, 3322-сі көз жұмған.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

07 мамыр 2020, 10:36
30 сәуір 2020, 10:36
16 сәуір 2020, 13:58
16 сәуір 2020, 09:55
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2020
Әрленім және құрастыру
SemStar