USD443.5EUR479.47RUB5.79

Карантин кезінде Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына кіру және шығу туралы

18 наурыз 2020, 11:45
Ағымдағы жылғы 19 наурыз күні сағат 00.00-ден бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары аумағына карантин енгізілуіне байланысты ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлайды:
Карантин кезінде Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына кіру және шығу туралы

1) аталған қалалар аумағынан адамдардың әуе, теміржол және автокөлікпен кіріп/шығуы шектеледі, бірақ келесі санаттағы тұлғалар үшін қолданылмайды:
- бұған дейін қаладан шығып кеткен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының тұрғындары қалаға оралған жағдайда;

  • бұған дейін қалаға кірген басқа өңірлердің тұрғындары қаладан шығатын болса;
  • бұған дейін ҚР аумағына кірген шетел азаматтары елден шығатын болса;
  • шетелдіктер (азаматтығы жоқ тұлғалар), Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар тұлғаларға;
  • бұған дейін шетелдерге шығып кеткен ҚР азаматтары Қазақстан Республикасына оралған жағдайда;
  • емделу үшін шетелге шығатын ҚР азаматтарына, олардың денсаулық сақтау мекемелерінің растаушы құжаттары болған жағдайда;
  • елдің және шетел мемлекеттерінің дипломатиялық қызметінің персоналы және олардың отбасы мүшелеріне, сондай-ақ Қазақстанға ҚР Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша бағыт алған шетел мемлекеттерінің және халықаралық ұйымдардың делегация мүшелеріне;
  • пойыз және локоматив бригадаларының мүшелеріне, сондай-ақ теміржол тасымалы процесіне қатысатын тұлғаларға, әуе, теңіз көліктерінің экипажына, халықаралық жүк тасымалын жүзеге асыратын жүк автокөлігі құралдарының жүргізушілеріне;
  • Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасы мүшелері болып саналатын шетелдіктерге (туыстық байланыс фактісі - ері (зайыбы), олардың ата-аналары мен балалары екені расталған жағдайда);
  • Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында жұмыс істейтін, қала маңы аумақтарында тұратын тұрғындарға;
  • әуе және темір жол транзиті қатынасымен жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарына;
  • басқа да ерекше жағдайларда, мұндай жағдайлар COVID-19-бен күресу жөніндегі қалалық штабтарда дербес тәртіпте қаралады.

2) жүк және транзиттік тасымалдарға шектеу қойылмайды.

Әуе компанияларына билеттердің құнын айыппұлсыз және толық көлемде қайтаруға кеңес берілді.

Жолаушылар билеттерді қайтаруды рәсімдеу үшін оларды сатып алған орындарға хабарласуы керек.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2020
Әрленім және құрастыру
SemStar