USD443.5EUR479.47RUB5.79

Тұрғын үйге қолжетімділіктің сатысы

02 наурыз 2020, 11:20
«7-20-25» ипотекалық бағдарламасының қатысушылары болды.
Тұрғын үйге қолжетімділіктің сатысы

ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Мархабат ЖАЙЫМБЕТОВ Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2019 жылғы қорытындылары және соңғы 3 жылда табысы төмен отбасыларын әлеуметтік баспанамен қамтамасыз етілгені, тұрғын үйге қолжетімділіктің сатысы, сонымен қатар. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының міндеттері туралы мәлімдеді. 

«2019 жылы тұрғын үй құрылысына инвестициялар 17%-ға артып, 1,4 трлн. теңгені құрады. Инвестициялардың айтарлықтай көлемі «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша рекордтық 13,1 млн. шаршы метр тұрғын үйді тапсыруға және республиканың тұрғын үй қорын 116 мың баспанаға жаңартуға мүмкіндік берді. Бұл 44 мың жеке үй (пайдалануға берілген тұрғын үйдің 37,5%) және 72 мың пәтер көп пәтерлі үйлерде (62,5%)», - деп атап өтті Мархабат Жайымбетов.

Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдері арасындағы ең жоғары (Ресей - 0,54 ш.м., Белоруссия - 0,40 ш. м., Өзбекстан - 0,36 ш. м.) бір тұрғынға тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші 0,71 ш. метр тұрғын үйге қол жеткізілді (18,3 млн. адам).

«Нұрлы жер» бағдарламасын іске асырудың үш жылында 50 мыңнан астам отбасы (2,9 млн. шаршы метр) әлеуметтік тұрғын үймен қамтамасыз етілді және 16 мың азамат

«7-20-25» ипотекалық бағдарламасының қатысушылары болды.

Азаматтарға жеке тұрғын үй салуға бөлінетін 130 мың жер учаскесі инженерлік коммуникациялармен жайластырылды.

«Бақытты отбасы» бағдарламасы өткен жылдың маусым айында басталып, 5 мың мүгедек балалары бар, көпбалалы және толық емес отбасыларына тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік берді. 2020-2023 жылдары 40 мың отбасына қолдау көрсету жоспарланып отыр, бұл жыл сайын 10 мың отбасыны құрайтын болады.

Бағдарламаның қолжетімділігі үшін аз қамтылған отбасыларға бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін тұрғын үй сертификаттары беріледі.

Мемлекеттік қаражатты пайдаланудың атаулылығын және тиімділігін қамтамасыз ету үшін 2019 жылы «Кезекте тұрғандардың бірыңғай республикалық электрондық деректер базасы» сервистік бағдарламалық өнімі өндірістік пайдалануға берілді.

«Бұл бағдарлама мемлекеттік органдардың деректер базасымен біріктірілген және тұрғын үйге мұқтаждарды есепке алудың ашықтығын қамтамасыз етеді», - деді Мархабат Жайымбетов.

Елбасы жариялаған Жастар жылы аясында Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жұмыс істеп жатқан жастарына тұрғын үй мәселелерін шешу бойынша шаралар қабылданып, 2019 жылы баспана 3004 қатысушыға берілді. Барлығы 2019-2021 жылдары жас ұрпақтың 9 мың азаматын жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету көзделіп отыр.

Азаматтардың тұрғын үй мәселелері мемлекеттің басым міндеті. Қолданыстағы бағдарламалар тетіктері арқылы табыс деңгейі әртүрлі барлық қазақстандықтар үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін қамтамасыз етілуде.

Комитеттің басшысы «Нұрлы жер» бағдарламасының басымды бағытынын бірін егжей-тегдей түсіндірді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қатысушылдың талаптары қатайды және тұрғын үйге қолжетімділіктің сатысы енгізілді.

Халықтың табысы анықтаушы факторы болып табылады.

Мәселен, отбасының бір адамына шаққандағы табысы бір күнкөріс деңгейінен төмен кезекте тұрғандар (31,2 мың теңге), сатып алусыз жалға берілетін тұрғын үй алуға үміттене алады (жетім балалар, 1 және 2 топтағы мүгедектер, зейнеткерлер және т.б.).

«Бақытты отбасы» бағдарламасы 2 күнкөріс минимумына дейінгі табысы бар (62,4 мың теңге) кезекте тұрғандарға қолжетімді (көпбалалы, толық емес және мүгедек балалары бар отбасылар).

3,1 күнкөріс минимумына дейін табысы бар кезекте тұрғандар үшін (96,7 мың теңге) "5-20-25" бағдарламасы бойынша әкімдіктердің кредиттік тұрғын үйлері өткізіледі (әскери қызметшілер, бюджетшілер, мемлекеттік қызметкерлер).

3,1 күнкөріс минимумынан астам табысы бар азаматтар үшін «7-20-25» бағдарламасы қолжетімді.

5 күнкөріс деңгейінен асатын (156 мың теңге) табысы бар адамдар бастапқы және қайталама тұрғын үй сатып алу үшін қолданыстағы нарықтық өнімдерді пайдалана алады (ҰБ-тің "Баспана-хит", ҚИК-тің "Орда", ҚТҚЖБ-нің "Өз үйі").

Жаңа тұрғын үй көлемдерін қамтамасыз ету үшін ағымдағы жылы 15 млн. шаршы метр жаңа тұрғын үй мен 150 мың пәтер салу міндеті тұр.

Мемлекеттік инвестиция шеңберінде 1,3 млн. шаршы метр немесе 23 мың пәтер.

Тұрғын үй қорын тиісті деңгейде ұстау және азаматтардың тұруына қолайлы жағдай жасау үшін көп пәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеу бойынша шараларды қарастырамыз.

Бүгінгі күні республиканың тұрғын үй қорында 80 мыңнан астам көппәтерлі үй бар, оның ішінде 18 мың үйі күрделі жөндеуді қажет етеді.

2011-2015 жылдары тұрғын үйлерді күрделі жөндеуге республикалық бюджеттен 33,6 млрд.теңге бөлінді.

2 338 көп пәтерлі тұрғын үй жөнделді. Қайтарымды 6,6 млрд. теңге есебінен қосымша 501 үй жөнделді.

2020-2021 жылдары өңірлерге 30 млрд. теңге бөлу жоспарланып отыр, бұл 700 үйді жөндеуге мүмкіндік береді.

Бұл олардың энергия тиімділігін және энергия ресурстарын үнемдеуді арттырады. Келешекте барлық ғимараттарды таңбалау көзделеді.

Мархабат Жайымбетов нормативтік-құқықтық мәселелеріне жеке тоқталды.

2019 жылы тұрғын үй заңнамасын жетілдіру бойынша айтарлықтай жұмыстар жүргізілді.

Заң деңгейінде "бір үй - бір бірлестік - бір шот" қағидаты бойынша "мүлік иелерінің бірлестігі" коммерциялық емес ұйымының жаңа формасын құру жолымен үйді басқару көзделдген.

Ұсынылып отырған қағидат әрбір көп пәтерлі тұрғын үйді басқару бойынша жеке тәсілді қарастырады және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық субъектілерінің өзара қарым-қатынасын реттеуге мүмкіндік береді.

Тұрғын үйлерді одан әрі күрделі жөндеуді қамтамасыз ету үшін жинақтау жүйесі енгізілді (1 ш.м үшін 13,3 теңге  - 0,005 АЕК).

Басқару органдары қызметінің ашықтығы артады, сондай-ақ үй-жайлардың меншік иелері тарапынан басқару органдарына бақылау және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды, газ және газбен жабдықтау объектілерін қауіпсіз пайдалану бойынша нормалар көзделген.

Тұрғын үй және тұрғын үй-құрылыс кооперативтерінің қызметі және қаражат алу тетігінің ашықтығы реттелген.

Әзірленген түзетулер өткен жылдың соңында қабылданып, ағымдағы жылдың 7 қаңтарынан бастап күшіне енді.

Халыққа қолайлы жағдай жасау мақсатында қазіргі заманғы технологияларды қолдану арқылы салынып жатқан тұрғын үйдің сапасына және оларды зияткерлік басқару жүйелерімен жарақтандыруға қойылатын талаптар артылады. Ол үшін Е-QURULYS құрылысының сапасын бақылаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін енгізіледі.

Осы жүйе бойынша нақты уақыт режимінде құрылыс объектісінен бейнетрансляцияны байқауға болады.

Бақылаушы органдар осы жүйеге қосылады, бұл онлайн режимде құрылыстың барлық процестерін бақылауға мүмкіндік береді, қазаншұңқыр қазудан бастап объект аяқталғанға дейін, сондай-ақ бизнес-ортаға қысым мен байланысты болдырмайды.

Құрылыс процесіндегі жасырын жұмыстар, мысалы, іргетас пен колонналардағы арматуралау тек белсендіріліп қана қоймай, фото және бейне форматтарда да сақталады.

Құрылыстың барлық хронологиялық тарихы ұзақ жылдар бойы қолжетімді болады.

Сондай-ақ объектілерді пайдалану және халыққа қызмет көрсетудің ашықтығы мәселелері шеңберінде Е-SHANYRAQ бірыңғай ақпараттық жүйесін енгізіледі.

Жаңа технологияларды, инновацияларды, тетіктерді енгізу құрылыс саласында және тұрғын үй-коммуналдық секторда саланың ашықтығын, құрылыс сапасын, халық үшін жайлы және қауіпсіз өмір сүру ортасын қамтамасыз етеді және жеке инвестицияларды тарту үшін жағдай жасайды.

«Біздің түпкі мақсатымыз азаматтарымыздың әл-ауқаты, соның ішінде олардың баспанамен тез арада қамтамасыз ету болып табылады», - деп Мархабат Жайымбетов сөзін аяқтады.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2020
Әрленім және құрастыру
SemStar