USD412.55EUR465.73RUB5.79

Батырханға арналады...

27 ақпан 2020, 14:24
«Сарыарқа» фолькорлық ансамблінің көркемдік жетекшісі Тоғжан Жахин қазақстандық эстрада әншісі, сазгер Батырхан Шүкеновке арнап, шығарма жазды.
Батырханға арналады...

Оның өмірден озуы осыдан бес жыл бұрын, 2015 жылдың сәуірінде орын алды. Сол кезде дарын иесі, ерекше дауыс иесі және сазгердің ғұмырының қысқа болғандығына ешкімнің сенгісі келген жоқ.

Тоғжан Жахин «Батырхан жүрегі» шығармасын қалай жазғанын айтып берді.

«Көп ойлана келіп, мен бұл композицияны жарыққа шығардым: өткен ай менің шығармашылығым үшін маңызды болды », - деді ол. – Батырхан Шүкенов мен үшін жарқын тұлға және солай болып қала береді. Менің музыкант ретінде қалыптастуыма бірден-бір себепкер болды, әсіресе, A-Studio тобының әндерімен сусындадым».

Тоғжан Жахиннің айтуынша, «Батырхан жүрегі» - вокалдық-аспаптық композиция. Шығармада Батырхан Шүкеновтің әндерінің мотиві бар, ал оның соңын «Джулия» деген танымал әнімен аяқтаймыз.

Композиторлық шығармашылық Тоғжан Жахин үшін оның қызметінде айқын рөл атқарады. Соңғы жылдары ол бірнеше шығармалар жазды, атап айтсақ: «Оспан-батыр», «Шәмшіге арнау», «Бабалар мекені – Алтай», «Думанды Сарыарқа», «Алатау аясында», «Кенен ата ізімен», «Жалын», «Еділ патша», «Күзгі сезім», «Түнгі аспан», «Ақ қайындар мекені», «Сұлу бейне», «Бұлбұл», «Тұранның бір бауында», «Туған елім», «Абыз бабам», «Атамекен». Сондай-ақ, 11 нөмірден тұратын «Сақ патшайымы Зарина» музыкалық-театрландырылған қойылымның әнін жазды.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2020
Әрленім және құрастыру
SemStar