USD443.5EUR479.47RUB5.79

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы гарнизондарында балалар арасында жарыстар өтті

17 ақпан 2020, 14:08
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы гарнизондарында әскери қызметшілердің балалары арасында 2020 оқу жылына арналған негізгі спорттық-бұқаралық іс-шаралар жоспарына сәйкес үстелдегі теннистен, қазақ күресінен және таэкван-додан жарыстар өткілді.
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы гарнизондарында балалар арасында жарыстар өтті

Жарыс өскелең ұрпақтың дене шынықтыру дайындығының деңгейін арттыру, Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді қалыптастыру, сондай-ақ балалар мен әскери қызметшілердің басқа да отбасы мүшелерін спортпен айналысуға тарту бойынша жұмысты жандандыру мақсатында өткізілді.

250-ден астам жас спортшы «қазақ күресінен» 4 салмақ дәрежесінде және «таэкван-додан» 4 салмақ дәрежесінде және үстел теннисінен әскери қызметшілердің балалары арасындағы спартакиаданың екінші кезеңіне өту үшін сайысқа түсті.

Жарысқа 12-14 жас (2005-2007ж.д.к.) аралығындағы балалар қатысты, олар әскери бөлімдердің дене даярлығы және спорт бастықтарының басшылығымен гарнизондардың спорт кешендері жанындағы секцияларда тұрақты шұғылдануы негізгі шарттардың бірі болды.

Естеріңізге сала кетсек, 2020 жылдың наурыз айында Алматы қаласында Армияның орталық спорт клубының оқу-жаттығу орталығы базасында ҚР ҚК Әскери ганизондарындағы әскери қызметшілердің балалары арасындағы спартакиаданың екінші кезеңі өтеді.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2020
Әрленім және құрастыру
SemStar