USD447.67EUR491.36RUB5.74

Торқалы тойымен құттықтады

13 ақпан 2020, 09:19
Бүгінде тоқсан жастың төріне шығып отырған еңбек ардагері Мұстафа Ілиясовты қала әкімі Ермак Сәлімов құттықтады. Той иесіне арнаған сөзінде қала басшысы оған ұзақ өмір, мықты денсаулық тілеп, ардагердің еңбек жолы жастарға үлгі екеніне тоқталды.
Торқалы тойымен құттықтады

 Ұлы Отан соғысының ардагері Ғабдулғазиз Ахмеров:

- Мұстафамен қай жерге, қай барлауға барсаң да сенімді серік екеніне көз жеткіземіз. Қандай қызмет атқарса да еңбек жолында тек адалдықпен қызмет етіп,  өзгелерге үлгі бола білді. Мен ол кісінің сөгіс немесе ескерту алды дегенді естімедім. Үлкенді тыңдап, кішіге ақылман болған еңбек ардагерінің отбасына амандық, мықты денсаулық тілеймін,- деген ақжарма тілегін білдірді.   

Ұзақ жылғы еңбегі үшін Мұстафа Ілиясұлы екі мәрте «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен, ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамоталарымен марапатталған.

Кездесуде Семейде егде адамдарға арналған  «Белсенді ұзақ жасау» орталығын ашу жайлы ұсыныс  білдірілді.  Осындай оралықтар Алматы, Қарағанды, Шымкент қалаларында ашылған. 

- Таяуда ғана қаламызда тамаша спорттық – мәдени кешен ашылды. Онда кез келген қала тұрғыны өзіне ұнаған спорт түрімен шұғылдануына болады.   Қарттарға арналған орталық ашу туралы ұсынысты қолдаймыз және оны ашатын боламыз,- деді қала әкімі Ермак Сәлімов.

  Семей қаласының ақпаратық орталығы

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2020
Әрленім және құрастыру
SemStar