USD405.69EUR455.51RUB5.72

Биологиялық орталық: сұрақтарыңызға жауап

04 ақпан 2020, 09:01
Соңғы кезде қаладағы жаңалықтардың арасындағы «басты жаңалық» көпқабатты тұрғын үйдің жертөлесінен табылған жабайы сілеусіннің биологиялық орталыққа орналастырылғаны туралы ақпарат болды.
Биологиялық орталық: сұрақтарыңызға жауап

Ол екі арада бес күн өткен соң «сілеусінді қасқыр талап тастапы» деген қауесет ду ете қалды. Бұл жаңалықтың қоғам арасында түрлі пікір тудыруы биологиялық орталық қызметкерлерінің шұғыл түрде баспасөз мәслихатын өткізуілеріне себеп болды.

Биоорталық директоры Валерий Дядовтың айтуынша сілеусін орталықта бір күннен артық болмауы тиіс еді. Алайды табиғатты қорғау полициясы сілеусіннің тағдырын шешкенше жабайы аң орталықта бір жұмадай тұрақтап қалды. Сілеусінге бос орынның табылмауына орай оны жабайы аңдар тұратын орыннан жеке үйшікке орналастырып, қасқыр жеке орынға қамап қойылды. Бұл арада сілеусіннің жабайы екенін, оның мүлдем сыртқа шықпағанын айта кету керек. Оны тамақтандыру үшін ет торкөз арқылы тасталып отырды. Ал, қасқырды арнайы тамақтану орны болмағандықтан, екі аралық арқылы тамақтандыруға тура келді. Арада бес күн уақыт өтсе де сілеусіннің тағдыры шешілмеді.

31 қаңтар күні кешкі тамақтандыру кезінде үйшіктегі сілеусін кіретін есіктің торкөзінен аяғын сұғып қалғанда, тамақтанып жатқан қасқыр көзілеспес жылдамдықпен оның аяғынан бас салып, жауырын тұсына дейін тартып қалады. Сілеусін сол мезетте – ақ өліп кетеді

- Ел арасында қасқыр аш, арық болды. Сол себепті сілеусінді бассалды деген лақап тарап кетті. Шындығында олай емес. Қасқыр күтімде тұр. Жыртқыштың аты- жыртқыш. Ал, сілеусін неге аяғын сұқты, ол да түсініксіз. Бұл жағдайды келушілер ғана көрді, тіпті орталық қызметкерлері де көрген жоқ. Жабайы аңның тағдыры осылай болды. Біздің қолдан келер шарамыз болмады. Егер сол торға адам кірсе, қасқыр оны да осындай күйге түсірер еді. Бізге сілеусінді бар болғаны бір күн ұстап беруге өтініш етті. Жабайы аңды ұзақ ұстап тұруға бізде жағдай жоқ қой. Мен дабыл қағып ІІБ бардым, табиғат қорғау полиция мамандарын шақырдық. Бұл мәселе шешілгенше, қасқыр істің нүктесін қойып берді,- дейді биологиялық орталықтың директоры Валерий Дядов.

Әлеуметтік желіде тұрғындар жабайы аңды неге биоорталыққа апарды, неге жыртқышты бостандыққа жібермеді деген наразылықтарын да білдіріп жатыр. Ал, мамандардың айтуынша, сілеусінді орманға жіберу бір айдан артық қала ішінде өз тамағын өзі тауып жеуге үйренген жыртқыш адамдар үшін қауіпті болмақ. Жіберген жағдайда біраз уақыттан соң жақын маңдағы елді мекенге келіп, өкінішті жайт орын алуы да ғажап емес еді.

Сілеусін жайлы жаңалықтан соң «ОСА» Семей көлікжүргізушілер бірлестігінің Инстаграм парақшасында биологиялық орталық қызметкерлері пониды сойып, етін сатыпты деген жазба тарады. Парақша әкімшілері сойылған аттың суретін де жариялады.

Баспасөз мәслихатында орталық директоры бұл өндірістік жұмыстың бір парасы, ақпарат желіге тарамауы керек едідей келе,

- Бізге буаз түйені сатты. Сатып алған кезде біз түйенің буаз екенін білмедік. Кейіннен боталаған түйе әлі күнге дейін ботасын емізіп жүр. Ірі малды ұстауға бос орын жоқ. Сонымен, әлгі атты заңды түрде акт жасап, көзін жойдық. Бұл пони емес. Жылқы бізге Өскеменнен келген. Таза тұқымды емес еді. Ол көп орын алатын. Оны сатпақ та, ауыстырмақ та болдық. Бірақ бағасына келісе алмадық.

Оның үстіне таза тұқымды емес, оған қоса тарттырылып тасталған, тұқым бермейді, Жабайы, қолға үйретілмеген. Бұндай малды жою кәсіпорын үшін қалыпты жағдай. Ол жыл бойы жүргізіледі. Шаруашылық есебінде болғандықтан, табыс әкелуі тиіс. Бұл арада әлеуметтік желіде жазылғандай ешқандайда көзбояушылық жоқ. Бұл желіге жариялап жіберген қызметтік ақпарат. Бұлай болмауы керек еді. Еңбек туралы кодекс бұндайларға тиым салады,- деген түсінік берді биоорталық басшысы.

Әлеуметтік желілердегі келеңсіз жазбалардан кейін ата- аналар балаларын биологиялық орталықтағы үйірмелерден әкете бастаған. Бүгінгі күні балалардың бір тобы кетіп үлгерген.

Қалалық білім бөлімі қалалықтардың осындай анық емес ақпараттарға сеніп, алданбауларын, тек сенімді ақпара көзіне ғана жүгінуге шақырады.

Семей қалалық ақпарат орталығы

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2020
Әрленім және құрастыру
SemStar