USD443.5EUR479.47RUB5.79

Бала күтіміне арналған жәрдемақыны 1,5-3 жасқа дейін беру ұсынылды

03 ақпан 2020, 13:15
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бала күтімі бойынша берілетін жәрдемақы шартындағы жас шектеуін бір жастан 1,5 немесе 3 жасқа дейін ұлғайтуды қарастырып жатыр. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты.
Бала күтіміне арналған жәрдемақыны 1,5-3 жасқа дейін беру ұсынылды

Министрдің айтуынша, бұл мәселе әзірше министрлікте қарастырылып жатыр. 

"Біз бала бір жасқа толғанға дейін ай сайын берілетін жәрдемақыны ұлғайту мәселесін көтергіміз келеді. Бұл сұрақты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде әзірше іштей  жәрдемақыны бір жарым немесе үш жасқа дейін ұлғайтуды қарастырып жатырмыз. Ол қисынды болар еді", - дейді министр Қазақстан Үкіметінің баспасөз орталығында.

Біржан Нұрымбетовтің айтуынша, бүгінде бала күтіміне арналған жәрдемақыны 387 мың ана алып отыр. 

"Оның көп бөлігі әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан төленіп отыр. Яғни, жұмыс істемейтін аналар бюджеттен ай сайын бір жыл көлемінде 15 мың мен 24 мың аралығында жәрдемақы алады. Ал әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан жұмыс істейтін аналарға өз жалақысының 40 пайызы төленеді. Жалпы сұрақтарды ескере келе осы мәселені көтергіміз келді", - дейді Біржан Нұрымбетов.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2020
Әрленім және құрастыру
SemStar