USD445.84EUR490.47RUB5.73

Облыстық чемпионаттың жеңімпазы

01 ақпан 2020, 09:55
Семей қаласында 25-26 қаңтар күндері Шығыс Қазақстан облысының аралас жекпе-жек, панкратион және грэпплинг федерациясының ұйымдастыруымен барлық жас топтары арасында грэпплингтан және ги грэпплингтан облыстық чемпионат өткізілді.
Облыстық чемпионаттың жеңімпазы

Жарысқа облысымыздың қалалары мен аудандарынан жиналған 300- ден аса спортшы әртүрлі салмақ дәрежесінде мықтыларды анықтады.

Чемпионаттың қорытындысы бойынша 84 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс жүлдені 2008 жылдан бастап ЖҚАЖ қызмет ететін Семей қалалық полиция басқармасы Жедел қимыл арнайы жасағының инспекторы полиция майоры Несепбаев Еркебұлан Ахметқалиұлы жеңіп алды.

Самбодан, қоян-қолтық ұрыстан спорт шеберіне үміткер Еркебұлан 21-22 ақпан күндері Қостанай қаласында өтетін Қазақстан чемпионатында облысымыздың намысын қорғайды.

Әріптесімізді жеңісімен құттықтап, жеңістің бұдан да биік шыңдарын бағындыруға тілектеспіз.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2020
Әрленім және құрастыру
SemStar