USD405.69EUR455.51RUB5.72

"Қарағайлы" шипажайында пациенттер ақысыз оңалту ала алады

27 қаңтар 2020, 09:17
Осы жылдың қаңтар айынан бастап "Қарағайлы" шипажайында тәуліктік және күндізгі стационар жағдайында медициналық оңалту төсектері жұмыс істей бастады.

Инсульт, жүрек соғысы, жарақат және күрделі операцияларды бастан кешірген науқастарды оңалтудың үшінші кезеңі мұнда толықтай тегін жүзеге асырылады. Оңалту алу үшін пациеннте жергілікті дәрігердің жолдамасы болуы керек. Егер бұрын оңалтуды мұнда тек зейнеткерлер мен мүгедектер ала алса, енді міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сақталған барлық жастағы науқастар да оңалту қызметін ала алады.

Алайда, оңалту саласындағы жаңалықтар туралы көп адамдар біле бермейді, сондықтан науқастардың көпшілігі ЖМЖА-дан босатылғаннан кейін қалпына келтіру процедураларын тоқтатады. Ал ДДҰ сарапшыларының пікірінше, оңалтудың маңыздығы зор, өйткені осы кезеңде адамның толық өмірге оралуы үшін дененің функциялары мүмкіндігінше қалпына келтірілуде.

Қалалық ауруханалардың жергілікті дәрігерлері оңалтудың маңыздылығы туралы халықты хабардар ету үшін «Қарағайлыға» барып, шипажайдын жағдайымен танысты. Сонымен бірге жиналыс барысында науқасты оңалтуға жіберген кезде пайда болатын техникалық мәселелерді талқылады.

- Үшінші кезеңге мемлекеттік тапсырысты қаламыздың көптеген мекемелері ие болды, олардың бірі - «Қарағайлы» шипажайы. Өйткені біріншіден олар көптеген жылдар бойы науқастарды сауықтырумен айналысып жұр. Сонымен бірге мұнда өте таза ауа – пациенттерді оңалту үшін бұл өте қажет нәрсе. Бұл біз үшін өте маңызды, өйткені жылына 1000-нан астам инсульт пайда болады және науқастардың бәрі бірдей сауығып кетпей, кейде қайғылы салдарға алып келетін екінші оқиға орын алады. Сондықтан пациенттерге оңалтудың маңызды екенін айтқымыз келеді, - дейді Семей қалалық денсаулық сақтау басқармасының бас дәрігері Татьяна Свичич.

Бүгінгі таңда шипажайда 48 тәулікті және 30 күндізгі стационардың төсектері бар. Шипажайға ақысыз оңалту алу үшін дәрігердің жолдауынан басқа, науқаста жеке куәлік және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандыруы болуы керек.

Семей қаласының ақпараттық орталығы

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2020
Әрленім және құрастыру
SemStar