USD405.69EUR455.51RUB5.72

Қорытынды кешенді сабағы өтті

27 қаңтар 2020, 09:14
2020 жылдың қаңтар айының соңғы күндерінде 28738 әскери бөлімінің реактивтік артиллериялық дивизионында қорытынды кешенді сабағы өткізілді.
Қорытынды кешенді сабағы өтті

1-ші күннен бастап реактивтік артиллериялық дивизионы жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру кезінде жеке құрам ұйымшылдық көрсетті. Сабақ өтетін ауданға шеру жасалды. Шеру кезінде кенеттен шабуыл жасалып, тойтарыс беру жаттығуларын орындай отырып, диверсиялық барлау топтарының шабуылына қырағылық танытып, қарсы тұрды.

Сабақ өтетін ауданда жауынгерлік ретке тұрды. Реактивтік артиллериялық батареялар топтық нормативтерін және атыс тапсырмаларын орындады. Капитан Абдиров Ертай басқаратын реактивтік артиллериялық батареясы топтық нормативтерде асқан шеберлік танытып, кәсіби білімі мен ақылын жолдас қылып екі батарея ішінен сурылып алға шықты.

Батареялар ішінде үздік есептоп командирі аға сержант Ахметов Қуанышты атап өтсе болады. Осы қорытынды кешенді сабағында реактивтік артиллериялық дивизионың шебер басқарып, сабақ жүргізген іскер ұйымдастырушы дивизион командирі майор Абдрешев Нариман.

Замира БОРАТОВ

28738 әскери бөлімі, азаматтық персонал

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2020
Әрленім және құрастыру
SemStar