USD410.7EUR465.28RUB5.8

Семейде Ертіс суының деңгейі төмендеді

15 қаңтар 2020, 14:01
Бұл туралы Семей қаласының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Бақытбек Байбұров мәлімдеді.
Семейде Ертіс суының деңгейі төмендеді

«Жағдай тұрақтанды, бүгін су деңгейі 445 см. құрап отыр», - деді Семей қаласының бас құтқарушысы.

Дүйсенбіде Бейбітшілік аралындағы үйлердің ауласын су басұандықтан, азаматтық қорғау қызметкерлері сегіз адамды, оның ішінде үш балаларды эвакуациялады. Бір отбасы «Семей» қонақ үйінде, ал екінші отбасы туыстарында орналасты.

- Су деңгейінің күрт көтерілуі 11 қаңтарға қараған түні басталды, күндіз деңгей 92 сантиметрге көтерілді. – 14 қантарда су деңгейі төмендей бастады, - деді Бақытбек Байбұров. Семей қаласының әкімімен және тиісті қызметтермен бірге біз аумақты шарлап, мұзды жарудың қажеті жоқ деген қорытындыға келдік. Тәулік бойы мониторинг жүргізіп жатырмыз.

Сондай-ақ, ол тұрғындар бүгін үйлеріне орала алатындығын айтты.

 

Семей қаласының ақпарат орталығы

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2020
Әрленім және құрастыру
SemStar