USD405.69EUR455.51RUB5.72

Трамп Иранмен соғыс жүргізе алмайды

14 қаңтар 2020, 16:36
Мұндай шешімді Құрама Штаттардың қауымдар палатасы қабылдады.
Трамп Иранмен соғыс жүргізе алмайды

АҚШ-тың қауымдар Палатасы Дональд Трамптың Иранмен соғыс әрекетін жүргізуін шектейтін резолюцияны қабылдады. Айта кететін жайт, Палатаны қазір демократтар қадағалап отыр.

Резолюция бойынша, конгресс Иранмен арадағы шиеленісті толықтай бақылауында ұстайды: яғни оның өршуіне рұқсат беру-бермеу туралы шешімді қабылдайды. 

Дегенмен бұл құжатты Сенаттың мақұлдауы екіталай, өйткені оның басым бөлігін республикашылдар құрайды. 

Қазір АҚШ та, Иран да аймақтағы саяси шиеленістің күрмелуі туралы тіс жармай отыр. 

Бұған дейін Құрама Штаттар Бағдад қаласындағы әуежайға шабуылдап, салдарынан Иран генералы Касем Сулеймани ажал құшқан еді. Осыдан кейін кек алу мақсатында  Иран Ирактағы америкалық базаларға соққы жасады.

Табиғат Нұрболат

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2020
Әрленім және құрастыру
SemStar