USD412.55EUR465.73RUB5.79

Семей – Қазақстанның тарихи орталығы

11 қаңтар 2020, 10:52
Семей өңірі – қазақ тарихындағы киелі өлке. Сондықтан елдің рухани дамуында ерекше орны бар қаланы Қазақстанның тарихи орталығы ретінде белгілеген жөн. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» мақаласында осылай деді. Сондықтан алдағы уақытта өңірді дамытуға ерекше мән берілмек. Қазір Семейде Абай Құнанбайұлының мерейтойын атап өтуге қызу дайындық басталып кетті. Шаһарда соңғы жылдары не істелді және жақын арада қандай игі істер жоспарланған?
Семей – Қазақстанның тарихи орталығы

Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық музейі. Мұнда ұлы ақынның өмір мен шығармашылығына тікелей қатысты 20 мыңнан астам жәдігер сақтаулы. Биыл ақын мерейтойына орай мәдени ошақ қайта жаңғырды. Семейдегі бұл музейден бөлек Жидебайда «Абай мұрасы» атты кешен салу жайлы Президент күні кеше тапсырма берді.

Қаланың әлеуметік-экономикалық әлеуетін арттыру — басым бағыттардың бірі. Тек соңғы бес жылда шаһарда өндіріс көлемі 1,5 есеге өсіп 1350 жаңа жұмыс орны пайда болды. Халық саны 350 мыңға жетті. Тисінше, тұрғын-үй құрылысы да қарқын алды. Қалада қазір «Қарағайлы» аталатын шағын аудан бой көтеріп келеді. 19 көпқабатты тұрғын үй дайын тұр. Жақында 5 мың көрерменге лайықталған аренасы бар мәдени-спорттық кешен ашылды. Жаз шыға жабық мұз айдыны мен бірнеше мектептің құрлысы басталмақ.

Семейді кешенді дамыту үшін үкіметтен 2020-2025 жылдар аралығында 260 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінбек.

Шаһарда талай жыл шешімін таппаған, қордаланған мәселе жетерлік. Оның барлығы алдағы уақытта ретке келетіндігіне қала басшылары да, халық та сеніммен қарап отыр. Өйткені, күні кеше Президентің өзі тарихи өлкеге ерекше мән беріп, оны жан –жақты дамыту үшін үкіметке тиісті шараларды қабылдауды тапсырғаны белгілі.

Ержан ЖАҚЫП

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2020
Әрленім және құрастыру
SemStar