- 10 тамызда біз Абайдың туған күнін атап өтеміз. Бұл ұлы ақынның есімімен аталатын аймақ құрылғаннан кейінгі алғашқы құрмет болмақ. Бұл өтетін шара есте қалатын болады. Біз Семейде бұрынғы Семей облысының және Семейдің тумалары жерлестерінің форумын өткізуді ұсынамыз, - деп атап өтті Нұрлан Ұранхаев.
Өңір басшысы түрлі салаларда табысқа қол жеткізген, сонымен қатар туған қаласына деген сүйіспеншілік пен жаңа облыстың қалыптасуына көмектесуге ниет білдірген бизнестің көрнекті өкілдері шақырылатынын атап өтті.
Қазір алдағы кездесуге қатысушылардың тізімі жасалуда. Барлық кәсіпкерлер, шақырылғандардың есімдерін ұсына алады және алдағы форумды ұйымдастыруға белсенді қатыса алады.