USD491.7EUR531.28RUB5.07

9 мыңға жуық дәрігер шетелден оқиды

10 қаңтар 2020, 13:21
Алдағы үш жылда тоғыз мыңға жуық облыс дәрігері озық шетелдік клиникаларда біліктіліктерін арттыратын болады. Олар - Англия, Израиль, Литва, Ресей, Польша, Корея, Украина, Италия мемлекеттерінің медициналық орталықтары, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
9 мыңға жуық дәрігер шетелден оқиды

Соңғы үш жылда 5511 дәрігер, оның ішінде 276-сы әлемнің жетекші клиникаларында біліктіліктерін жетілдірді. Бұл дәрігерлерді даярлаудың үш деңгейлі бағдарламасы аясында жүзеге асырылып келеді. Атап айтсақ, облыста денсаулық сақтауды дамытудың кешенді жоспары жүзеге асырылуда. Үш жыл ішінде 1080 жаңа медициналық жабдық сатып алынды. Роботохирургия, политравма, ортопедия және офтальмохирургия орталықтары ашылды. Сондай-ақ, Семейдегі жедел медициналық көмек ауруханасы негізінде гибридті операция залы ашылды. Алтай және Аягөз аудандарының орталықтарында ІІ деңгейлі инсульт орталықтары құрылды.

– Аймақтық медицинаға үздік технология мен инновациялық емдеу тәсілдерінің енгізілуіне байланысты дәрігерлердің біліктілігін арттыру басты назарға алынып отыр, – дейді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar