Өткен жылы «Шығыс Қазақстан облысы құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Шығыс Қазақстан облысы құрылыс, сәулет және қала құрылысы» басқармасына аталған қаладағы Абай көшесі 27 және 30 мекенжайында орналасқан көппәтерлі тұрғын үйдегі 111 пәтерді сатып алып, жөндеуден өткізуге өтінім берген. Анығы сол, бюджеттік өтінім қолдау таппаған.
Қала әкімінің орынбасары Дәурен Улмесековтың сөзінше, тиісті қаржы бөлінген жағдайда пәтерлер жөндеуден өткізіліп, тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға бөлініп берілмек.
Нұрбек АСҚАРОВ