USD476.01EUR490.15RUB7.81

ШҚО-да биыл балаларға зорлық-зомбылық жасаудың 21 фактісі тіркелді

01 шілде 2022, 10:06
– Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері балаларға зорлық-зомбылық жасаудың 21 фактісі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО-да биыл балаларға зорлық-зомбылық жасаудың 21 фактісі тіркелді

Облыс прокуратурасының кеңейтілген алқа отырысында кәмелеттік жасқа толмағандарға жыныстық зорлық-зомбылық жасаудың алдын алу мәселелері қаралды. Аталған қылмыс үшін жаза қатаңдатылғанына қарамастан, әлі де балаларға зорлық-зомбылық жасайтындар азаймай тұр. Өткен жылдың қорытындысы бойынша өңірде балаларға қатысты 71 қылмыс тіркелсе, оның ішінде 38-і – зорлық-зомбылық жасау.

Биыл мұндай қылмысқа барғандар саны 21-ді құрайды. «Кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты жыныстық қылмыстар қоғамның ең маңызды проблемаларының бірі. Құзырлы мемлекеттік органдар осының алдын алу бойынша уақтылы шаралар қабылдауы қажет. Өйткені бұл балалардың дене және психологиялық денсаулығына орны толмас зиян келтіреді», - деді ШҚО прокуроры Алмат Байшолақов. Оның айтуынша, 2021 жылы осындай қылмыс жасаған 23 адам, осы жылы 13 адам түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

«Бұл қылмыстарды ашудың белгілі бір ерекшелігін атап өткен жөн. Көп жағдайда қылмыстың куәгерлерінің болмауына байланысты жәбірленушілер ол туралы ұзақ уақыт өткеннен кейін хабарлайды. Ал бұл дәлел жинауды қиындатады. Осы ретте, қылмыстық қудалау органдары тергеудің объективтілігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда», - деді Алмат Байшолақов.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2022
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar