
- Алакөл көлінде жабдықталмаған жерде шомылып жүрген 1999 жылы туған ер адам суға батып кетті. Ол жағадан алыс жүзіп, қайтып орала алмады. Бұл күні қатты дауыл болды, толқынмен денесі жағаға шығарылды, — деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі. — Келген жедел жәрдем қызметкерлері қайтыс болғанын анықтады.
Құтқарушылар демалушыларға су айдындарындағы тыйым салу белгілері болған жағдайда, ол жерде суға түсуге болмайтынын хабарлайды. Суға шомылуға тек қана рұқсат етілген орындарда болады.