
Адамдардың барлығына қажетті медициналық көмек көрсетілді, аталған көлік құралының жүргізушісі ауруханаға жатқызылды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 2-бөлігі (абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан, көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданатын болады.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етуге жатпайды.
ШҚО ЖПҚ баспасөз қызметі