Шаған кенті «Семей – Курчатов» бағыты бойынша облыстық маңызы бар автотрассада бойындағы 75 километрде орналасқан. Кентте 550 адам тұрады.
Соңғы 3 жылда округті дамытуға 52,7 млн.теңге бағытталды. Әкімдік ғимаратын ағымдағы жөнделді. Бұрын әкімдік қызметкерлері шағын жеке үйде болатын. Енді әкімдік бұрынғы теміржол станциясының ғимаратына көшті. Сонымен қатар, қаражат су құбыры желілерінің құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге бағытталды. Кентте орталықтандырылған сумен жабдықтау жоқ. ЖСҚ 2021 жылы әзірленді. Сараптама қорытындысын алудың болжамды күні – ағымдағы жылдың 30 тамызы.
Биыл балалар ойын алаңы орнатылып, онда жүзден астам бала өз уақыттарын тиімді өткізуде. Сонымен қатар, кенттің ересек тұрғындарының бос уақытын да қарастырылуда: спорт алаңы да орнатылады. Жұмыстар шілде айының соңында басталады.
ТКШ бөлімімен көшені жарықтандыру құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Кентте жарықтандыру қажет бір негізгі көше бар. Жақын күндері жұмыстарды өткізуге конкурс жариялау жоспарлануда.
Клубқа ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ол бұрынғы мектеп ғимаратында орналасады. Қазіргі уақытта әрлеу жұмыстары аяқталды, содан кейін еден мен төбені ретке келтіріледі. Клубта балаларға арналған түрлі үйірмелер ашу жоспарлануда.
«Жалпы, округтің 2025 жылға дейінгі даму перспективасына 665,1 млн. теңге бөлу жоспарланып отыр. Қаражат саябақ аумағын абаттандыруға, су құбыры желілерін салуға, Стационная көшесінің аумағын абаттандыруға бағытталатын болады» - деп атап өтті қала әкімі.
Өткен кездесуде тұрғындар бірқатар проблемалық мәселелерді көтерген еді. Кентте ұялы байланыс проблемасы бар. «Транстелеком» АҚ интернеті (мектепте, әкімдікте, медициналық пунктте) өткізілді, Beeline ұялы байланысы 2G мобильді интернетке қол жеткізу технологиясымен жүргізілді. 69 абонент «Транстелеком»АҚ АДСЛ арнасы бойынша интернет желісіне қосылған. 2021 жылдың желтоқсанында «Аltel» операторының қосалқы байланыс тірегі орнатылды. Ағымдағы жылдың соңына қарай «BEELINE» ұялы операторының қосалқы тірегін орнату жоспарлануда.
Тұрғындар азық-түлікке жоғары баға мәселесін шешуді сұрады. Мониторингтік топ әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын тұрақтандыру үшін дүкендерде үнемі тексереді. Кент кәсіпкерлері бағаны сатып алу бағасынан 15% артық көтермейді. Мәселе тұрақты бақылауда.
Сондай-ақ, ауыл тұрғындары мектеп пен спорт залын салу мәселесін қарастыруды сұрады. Шаған кентінде «№24 ЖББМ» КММ жұмыс істейді. Мектеп шағын, 1970 жылы салынған ғимаратта орналасқан. Жобалық қуаты 100 орын. 1-9 сыныптарда 54 оқушы оқиды. Мектепте ауданы 50,4 ш.м. болатын спорт залы бар. Сыныптар бойынша балалардың орташа контингенті 3-тен 9-ға дейін баланы құрайды. Соңғы 3 жылда кентте бала туу көрсеткіші: 2019 жылы – 9 бала, 2020 жылы – 6 бала, 2021 жылы – 4 бала. Бала туу көрсеткіші және 0 жастан 16 жасқа дейінгі балалардың санын ескере отырып, мектеп пен спорт залдың құрылысы әзірге ерте болып көрінеді.
Кенттің жекелеген тұрғындарында мектептегі тамақтану сапасын бақылау бойынша наразылықтар болды. 2020 жылдан бастап «Шаған кентінің №24 ЖББМ» КММ-де Курчатов қаласынан әкелінетін буфеттік тамақтану ұйымдастырылды. Ағымдағы оқу жылында мектепке тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша конкурс аяқталды. Тұрғындар қатымхана құрылысы мәселесін шешуге көмек сұрады. Бұл мәселені жергілікті кәсіпкер Сайлаубек Ғалиев шешуге көмектесті. Ол бір кездері мешіт салған. Енді ол мешітті реконструкциялап, екіге бөліп (мешітке және қатымханаға), қайта құруға ниет білдірді. Қазіргі уақытта кент тұрғындарының күшімен мешітті қайта құру жұмыстары жүргізілуде.
Қала әкімі кездесуде тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Бақылаусыз мал жаю бойынша шағымдар болды. Бақытжан Байахметов жергілікті әкімге және учаскелік инспекторға мал жаю жұмыстарын ретке келтіріп, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Жайылымдық жерлердің және шөп шабуға арналған учаскелердің жетіспеушілігі бойынша мәселелер айтылды. Тұрғындардың айтуынша, бұл үшін бос алаңдар бар. Кент әкіміне қалалық жер қатынастары бөлімімен бірлесіп, он күндік мерзімде жер телімдеріне тағы да түгендеу жүргізу және ұсыныстар дайындау тапсырылды.
Тағы бір мәселе – мал жаюға дайын жұмысшыға тұрғын үйдің болмауы. Кентте тегін үй бар, оны жөндеуден кейін табыншыға тұрғын үй үшін беруге болады. Қала әкімі үйді ретке келтіру мәселесін қарастыруды тапсырды.
Сонымен қатар, Бақытжан Байахметов жергілікті фельдшер Рымгүл Ысқақованы медицина қызметкері күнімен құттықтады. Оған құрмет грамотасын тапсырып, жұмысына табыс және отбасына амандық тіледі.