USD474.83EUR515.38RUB5.5

Ақбұлақ ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу

15 маусым 2022, 11:11
Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов Ақбұлақ ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Ауылдық округ Семей қаласынан 248 шақырымда орналасқан. Ақбұлақ және Таңат ауылдарында 451 адам тұрады.
Ақбұлақ ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу

3 жыл ішінде округке 86,8 млн. теңге бөлінді. Бұл қаражат Ақбұлақ ауылындағы көше жарығын орнатуға, ұзындығы 10,3 мың ш. м. су құбыры желілерінің құрылысына қарастырылған. Жергілікті клубқа ағымдағы жөндеу жүргізілді, барлық кабинеттерде жаңа жиһаз алынып, спортпен айналысуға арналған зал жөнделді. Клуб 2009 жылы құрылған. Балаларға арналған 5 үйірме жұмыс істейді.

«Біз үшін ауыл жастары мен балаларына сапалы білім берудің маңызы зор. Осы мақсатта Ақбұлақ ЖОББМ физика кабинетін сатып алуға шарт жасалды. Жабдықтар мамыр айында 5,6 млн. теңге сомасына жеткізілді», - деп атап өтті қала әкімі.

Өткен кездесуде тұрғындар Таңат ауылы мен тағы екі елді мекеннен балаларды мектепке жеткізу үшін автобус сұраған еді. Осы мақсаттарға бюджетте УАЗ автокөлігін сатып алуға шамамен 10 млн.теңге жоспарланған.

Жалпы, округтің 2025 жылға дейінгі даму перспективасына 573,6 млн. теңге бөлу жоспарланып отыр. Округ паркі жөнделіп, су құбыры желілерінің құрылысы аяқталады. Алдағы жұмыстың тағы бір маңызды бөлігі - ұзындығы 18 км болатын Ақбұлақ ауылының жолдарын қалыпты жағдайға келтіру. Ағымдағы жөндеу жұмыстары 2024 жылға жоспарланған.

Орталықтандырылған сумен жабдықтау мәселесіне келетін болсақ, бағдарлама әкімшісі құрылыс бөлімі болып табылады. Ақбұлақ ауылында су құбыры желілерінің құрылысы бойынша жобаның жалпы құны – 530,7 млн.теңге. Су құбыры трассасының ұзындығы - 10 285 м (оның ішінде жеке тұрғын үйге қосылу – 3 365,5 м) құрайды.

2022 жылғы 21 қаңтарда жобаға республикалық бюджеттен қаражат бөлу үшін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне өтініш берілді.

Сондай-ақ, тұрғындар кабельдік (талшықты-оптикалық) интернет орнату мәселесін шешуді сұрады. Ақбұлақ ауылында ағымдағы жылы спутниктік трансмиссияда жұмыс істейтін «Теле2» базалық станциясы іске қосылды. Ұялы байланыстың көрсетілетін қызметтерін жақсарту үшін «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС компаниясы 250+ бағдарламасы бойынша 2022 жылдың соңына дейін жерсеріктен баламалы трансмиссияға (антенна-діңгек құрылысы) көшу мүмкіндігін қарастыруда. Ағымдағы жылдың мамыр айында облыстық бюджетті нақтылау кезінде антенна-діңгек құрылыстарын салу бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге 3 млн. теңге бөлінді (ЖСҚ әзірлеу құны - 12,1 млн.теңге). Ашық конкурстар 12 мамырда, өтінімдерді қабылдау мерзімі 9 маусымға дейін жарияланды. Өтінімді қараудың болжамды мерзімі 23 маусым.

Ауылдық округтегі жайылымдық жерлер бойынша мәселелер шешімін тапты. Егер бұрын жайылымдық алқаптар 8 мың гектарды құраса, қазір осы ауылдық округке жататын және 30 мың гектардан асатын 30-дан астам жайылымда мал жаюға болады.

Қасқырлардың малға шабуылдарының көбеюі туралы шағымдар болды. Қасқырларды ату лицензиясы мен рұқсаты бар жергілікті мүшелерден «Охотобщества» өкілдігі арқылы жүргізілді.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar