USD523.58EUR549.71RUB5.01

Қала әкімі Абралы ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті

15 маусым 2022, 11:06
Семей қаласының әкімі Абралы ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, оларды Семей қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуымен таныстырды.
Қала әкімі Абралы ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті

Абралы ауылдық округі Семей қаласынан 240 шақырым жерде орналасқан. Округте 428 адам тұрады. 3 жыл ішінде округті дамытуға 488,6 млн.теңге бағытталды. Мысалы, әкімдік ғимаратын ағымдағы жөндеу, Абралы ауылының көшелеріне жарықтандыру орнату, су құбырын ағымдағы жөндеу сияқты жұмыстар атқарылды.

Биылғы жылы «Сапа Құрылыс 2007» ЖШС Абралы ауылында сумен жабдықтау желілерін қайта құру және кеңейтумен су тарту құрылысына 430,9 млн.теңгеге шарт жасалды. Келесі айда балалар ойын алаңы және шағын футбол алаңын орнату аяқталады. Қазіргі уақытта барлық қажетті жабдықтар сатып алынды, жұмыстар басталды. Сондай-ақ, физика кабинеті сатып алынады.

«Жалпы, округтің 2025 жылға дейінгі даму перспективасына 50 млн. теңге бөлінеді. Аталған қаражат Абралы ауылының екі көшесіндегі жолдарды ағымдағы жөндеуге және екі көшені жарықтандыруға бағытталатын болады», - деп атап өтті Бақытжан Байахметов.

Қала әкімі тұрғындарға алдыңғы кездесулерде қойылған сұрақтар бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтып берді. Мәселен, тұрғындар Абралы ауылында мал сою цехын ашуды сұраған еді. Қазіргі уақытта «Қызылтас» шаруа қожалығының басшысы Е.Х. Шарипханов мал сою цехын ашуға ниетті. Осы мақсатта қолда бар жер учаскесінің мақсаты мал сою цехын салу үшін өзгертілді. Цехты тамыз айында толық іске қосу жоспарлануда.

«Байзақ» ш/қ басшысы «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша шаруа қожалықтарына электр желілерін жүргізуге жәрдем көрсетуді сұрады. Шағын және орта кәсіпкерлік объектілеріне жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылатын болады. Шаруашылық жүргізуші субъектілер аталған бағдарламаға қатысу арқылы мәселені шеше алады.

Ауылда балалардың аздығына байланысты мектеп жабылуы мүмкін. Кездесуде тұрғындар осы мәселелерге алаңдаушылық білдірді. Сондай-ақ, ауылда учаскелік инспектор жоқ. Бұл проблемалардың барлығы елді мекенде тұрғындардың аз орналасуынан туындайды. «Бұл мәселені шешудің бір жолы – азаматтарымызды өңірлерден, соның ішінде еліміздің оңтүстігінен көшіріп, орналастыру бойынша жұмыс жүргізу керек. Сондай-ақ, қала жастарын ауылға тарта отырып, ауылда жақсы жағдай жасау қажет»,- деді қала әкімі өз сөзінде.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar