USD474.83EUR515.38RUB5.5

Бақытжан Байахметов Қараөлең ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті

15 маусым 2022, 10:44
Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов Қараөлең ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Ауыл тұрғындарын Семей қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуымен таныстырды. Ауылдық округ орталығы – Қайнар ауылы қаладан 278 шақырым жерде орналасқан. Мұнда бір жарым мың тұрғын тұрады.
Бақытжан Байахметов Қараөлең ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті

Жалпы, округтің даму перспективасына 4 760,7 млн.теңге бөлінеді. Өткен жылдар ішінде Қараөлең ауылдық округінде бірнеше мәселе өз шешімін тапты. Атап айтқанда, жолдың жүру бөлігін қоршау (2021 ж.), су өткізгіш құбырларды, әкімдік ғимаратын ағымдағы жөндеу (ішкі әрлеу, едендерді, терезелерді жөндеу, шатырды жабу, су құбыры, электр желісін жөндеу), балалар спорт алаңын орнату (2021 ж.), 1, 2 Қайнар көшелерін, мәдениет үйін жарықтандыруды және Бегалин атындағы орта мектеп ғимаратын жөндеу және ауылдың орталықтандырылған кітапхана жүйесінің материалдық-техникалық базасын нығайту жұмыстары атқарылды.

Ағымдағы жылы көшелерге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жалпы ұзындығы 2 шақырым болатын көшелерге асфальт төселіп, қосымша бірнеше учаскелерді грейдерлеу жұмыстары атқарылды. Сондай-ақ, республикалық маңызы бар Семей-Қайнар автожолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде (2020-2022 жж.). Ауылда 377,5 млн. теңге сомасына тағы бір жоба – дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүзеге асырылуда. Шарт «KAZPROFSTROY HOLDING» ЖШС-мен жасалды. Жұмыстардың аяқталу мерзімі осы жылдың қазан айының соңына дейін деп күтілуде.

Құрылыс бөлімімен Қайнар ауылында екі пәтерлі 2 тұрғын үйді сатып алуға  «ЕвроТехСтрой 2003» ЖШС-мен шарт жасалды. Мұнда медицина қызметкерлері мен учаскелік полиция қызметкерлері тұрады. Қайнар-3 көшесін жарықтандыру құрылысына ЖСҚ әзірленді. Бүгінгі таңда Қайнарда көшелердің 80% жарықтандырылды. Енді ауылды жарықтандыруды толық аяқтау қажет.

Сондай-ақ, шілде айынан бастап «Бегалин» атындағы ЖОББМ КММ ағымдағы жөндеу жұмыстары басталады. Мектеп биылғы жылы 100 жылдығын атап өтетін ең көне білім ордасының бірі.

«Абралы ауруханасы» КМК қазандығы мен шатырын күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Қазіргі уақытта ЖСҚ сараптамадан өтуде. Сараптама нәтижесін осы айдың соңына дейін алынады деп күтілуде.

«Жалпы, 2025 жылға дейін Семейді кешенді дамыту аясында Қайнар ауылын дамытуға 2 936,3 млн. теңге бөлу жоспарланған. Қаражат Семей-Қайнар автожолын орташа жөндеуге, Даңқ аллеясын абаттандыруға, Абыралы ауруханасының шатыры мен қазандығын жөндеуге, мал қорымын салуға, саябақ аймағын абаттандыруға және қатты тұрмыстық қалдық полигонын салуға бағытталатын болады», - деп атап өтті қала әкімі.

Өткен кездесуде тұрғындар бірқатар проблемалық мәселелерді көтерген. Тұрғында халықтың әлеуметтік осал топтарына көмірді жеңілдетілген бағамен сұрады. Бүгінгі таңда мұндай отбасылардың тізімі жасалды, олар үшін көмірді делдалсыз арзан бағамен сатып алу туралы келісім бар.

Семейге дейінгі қашықтықты ескере отырып, тұрғындар жол-пайдалану пунктін ашуды сұрады. Бұл мәселе де шешілді, К-700 арнайы жол техникасының 2 бірлігі мен автогрейдер бар. Округке өрт сөндіру автокөлігін бөлу мәселесі болды. Қазіргі уақытта бұл мәселені шешудің нұсқалары бар. Қалған мәселелер зерттеу және пысықтау сатысында.

Кездесуде хирург, гинеколог, педиатр сияқты медицина қызметкерлерінің жетіспеуі де айтылды. Бос жұмыс орындары бар, бірақ мамандар жоқ. Басқа елді мекендерден жұмысқа келгісі келетіндер бар екені белгілі болды. Бақытжан Байахметов ауылдық округ әкіміне осы мәселені пысықтауды, тұрғын үй және штаттық орын бөлу мәселесін шешуді тапсырды.

Жанар Лепсібаева өзінің жолдасы, Ауған соғысының ардагері Қайырғали Әсембаевқа тұрғын үй алу мәселесін шешуді сұрады. Оның кезегінің нөмірі 2 638. Өтініш иесіне қалаға келіп, тұрғын үй инспекциясы бөліміне хабарласу керек. Онда қолданыстағы заңнамаға сәйкес бұл мәселе қаралады.

Шағын шалғайдағы шаруа қожалықтарында телефон байланысының болмауы мәселелері көтерілді. Мәліметтерге сәйкес, қазір жекелеген ұялы компаниялар проблемалық, қол жетімділігі қиын учаскелерді байланыспен жабу мүмкіндігін пысықтауда. Аталған компанияның өкілдерімен келіссөздер жүргізілуде.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar