Осы іс-шара шеңберінде жолдарда прокуратура, Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының өкілдерін тарта отырып, борышкерлерді анықтау бойынша рейдтер жүргізілетін болады.
Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 811-бабының (әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу тәртібі) талаптарына сәйкес азаматтардың әкімшілік хаттама жасалған сәттен бастап 7 тәулік ішінде айыппұл сомасының 50% - ын қысқартылған іс жүргізу тәртібімен төлеуге құқығы бар екенін хабарлайды.
Бұл құқық пайдаланылмаған жағдайда толық соманы ерікті түрде, бірақ қырық тәуліктен кешіктірмей төлеуге мүмкіндік бар.
Өзге жағдайда айыппұл салу туралы қаулы атқарушылық тәртіппен мәжбүрлеп өндіріп алу үшін жіберіледі.
Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті жол қозғалысы ережелерін және айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке жол бермеуге шақырады.
ШҚО ПД баспасөз қызметі