USD474.83EUR515.38RUB5.5

ШҚО полицейлері «102» мобильді қосымшасын пайдалануға кеңес береді

13 маусым 2022, 11:46
2021 жылдың ақпан айында еліміздің барлық аумағында «102» қызметінің мобильді қосымшасы іске қосылды, ол арқылы оқиға орнынан хабарламалар, фотосуреттер, бейнежазба жіберуге болады.
ШҚО полицейлері «102» мобильді қосымшасын пайдалануға кеңес береді

Сондай-ақ бейнеқоңыраулар мен аудиоқоңыраулар жасау мүмкіндігі бар, онда оператормен қосылу кезінде геолокация автоматты түрде қосылады және арызданушының деректері көрсетіледі, бұл уақытты үнемдеуге және жақын жердегі патрульдік экипажды оқиға орнына жедел жіберуге мүмкіндік береді.

2021 жылы осы қосымша арқылы ШҚО полициясына барлығы 386 өтініш түсті, оның 177-і мәтіндік форматта, 179-ы аудиоқоңырау және 30-ы бейнеқоңырау.

Ағымдағы жылдың бес айында қосымша арқылы ШҚО полициясына 44 өтініш түсті, оның ішінде 37 мәтіндік форматта, 3 аудиоқоңырау бойынша және 4 бейнеқоңырау бойынша. Олардың барлығы бойынша тиісті ден қою шаралары қабылданды.

Хабарламалар «Online» режимінде қабылданатындықтан, қосымша құқық бұзушылықтарға тез ден қоюға етуге ықпал ететіндігін көрсетеді.

Бұл бағдарламаны Android жүйесіндегі смартфондарға арналған «Play Market» қосымшасы арқылы және IOS жүйесіндегі смартфондарға арналған App Store арқылы орната аласыз. Экранның жұмыс тақтасында «102» белгісі пайда болады. Пайдаланушы өз атымен тіркеледі және өзінің жеке басын  (электрондық пошта, телефон нөмірі) қол жетімді тәсілдермен растайды.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar