USD488.11EUR530.09RUB5.01

Үш күннің ішінде 15 рет жол ережелерін бұзған жүргізуші

13 маусым 2022, 11:31
«Борышкер» жедел алдын алу іс-шарасы барысында «Қорғау Сергек» бағдарламасының көмегімен полиция қызметкерлері үш күн ішінде ЖҚЕ 15 бұзушылық жасаған ВАЗа жүргізушісін анықтады.
Үш күннің ішінде 15 рет жол ережелерін бұзған жүргізуші

Жол белгілері мен таңбалардың талаптарын орындамау, маневр жасау ережелерін бұзу, негізінен жылдамдықты арттыру және осының барлығы үш күнде айыппұл сомасы 266 мың теңгені құрайды. Полицейлердің анықтауынша, жүргізуші   қалаға алғаш рет келген екен.

Полиция қызметкерлері ағымдағы жылдың 8 маусымынан бастап Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулылар мен ұйғарымдардың орындалуын бақылау мақсатында қала аумағында «Борышкер» жедел алдын алу шарасы өткізілетінін еске салады.

Бейнебақылау камераларының көмегімен және электрондық планшеттерді пайдалана отырып, әкімшілік айыппұлдар бойынша борышкерлерді, көлік құралын басқару құқығы жоқ адамдарды, жалған нөмірлермен басқарушыларды және т. б. анықтайды.

«Үш күн ішінде мамандандырылған айыппұл тұрағына 30 автокөлік қамалды, 2000 - нан астам азаматқа әкімшілік айыппұлдары бойынша хабарлама таратылды », - деп түсіндірді Өскемен қ.ПБ бастығы Андрей Мула.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar