Акция шеңберінде заңсыз сақталған қару немесе оқ-дәрілері бар кез-келген азамат ішкі істер органдарының бөлімшесіне жүгініп, қаруды өткізгені үшін ақшалай сыйақы алады.
Акция басталғаннан бері ішкі істер органдарына азаматтардан 102 өтініш келіп түсті, өз еркімен 140 бірлік атыс қаруы, оның ішінде 23 ойық және 115 тегіс ұңғылы қару қабылданды, болжамды сомасы 9 миллион теңгеден артық. 52 адам тиісті төлемдерін алып үлгерді. Барлық төлем сомасы 4 миллион теңгені құрады. Қалған қару-жарақтарды бағалау жүргізілуде.
Тапсырылған қарудың әрбір түрі бойынша криминалистикалық сараптама жүргізіледі, одан кейін қарудың санатын анықтай отырып, қорытынды шығарылады. Қару-жарақ заттарын өз еркімен тапсырғаны үшін қарудың түрі мен санатына қарай Республикалық бюджеттен төлем жасау көзделген, төлем 10-нан 100 АЕК-ке дейін, ал ақшалай баламада 31 800-дан 318 000 мың теңгеге дейін құрайды.
Полицейлер өз еркімен тапсырылған қару үшін оның иесі ақша алып қана қоймай, қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен құтыла алатынын еске салады.
ШҚО ПД баспасөз қызметі