USD449.3EUR489.69RUB4.89

Абай ауданының тұрғыны марқұм атасының бірнеше қаруын тапсырды

04 мамыр 2022, 09:52
Ағымдағы жылдың 27 сәуірінде Абай аудандық полиция бөліміне 27 жастағы Қарауыл ауылының тұрғыны акция аясында өз еркімен тіркелмеген үш қару: 32 калибрлі ТОЗ-32 маркілі тегіс ұңғылы мылтық, 12 калибрлі ИЖ маркілі тегіс ұңғылы мылтық және 5,6 калибрлі ТОЗ-8 маркілі ойық ұңғылы мылтықты тапсырды.
Абай ауданының тұрғыны марқұм атасының бірнеше қаруын тапсырды

Ағымдағы жылдың 27 сәуірінде Абай аудандық полиция бөліміне 27 жастағы Қарауыл ауылының тұрғыны акция аясында өз еркімен тіркелмеген үш қару: 32 калибрлі ТОЗ-32 маркілі тегіс ұңғылы мылтық, 12 калибрлі  ИЖ маркілі тегіс ұңғылы мылтық және 5,6 калибрлі ТОЗ-8 маркілі ойық ұңғылы мылтықты тапсырды.

 

Ер азамат бұлардың барлығы өзінің марқұм атасынан қалғанын айтты.

Барлық қару-жарақтың жағдайы жақсы және атуға жарамды. Төлемдердің алдын ала сомасы шамамен 280 000 теңгені құрайды.

Қарудың, оқ-дәрілердің және жарылғыш құрылғылардың әрбір тапсырылған бірлігі үшін тиісті мөлшер белгіленген.

Ойық ұңғылы қару:

1 санат 50 АЕК - 153 150 теңге

2 санат 50 АЕК-тің 70% -ы - 107 205 теңге

3  санат 50 АЕК-тің 30 %-ы -45 945 теңге

 

Қысқа ұңғылы мылтық:

1 санат 40 АЕК - 122 520 теңге

2 санат 40 АЕК-тің 70% -ы - 85 764 теңге

3  санат 40 АЕК-тің 30 %-ы - 36 756 теңге

 

Тегіс ұңғылы мылтық:

1 санат 30 АЕК – 91 890 тенге

2 санат 30 АЕК-тің 70% -ы – 64 323 тенге

3  санат 30 АЕК-тің 30 %-ы – 27 567 тенге

 

Травматикалық қару:

1 санат 10 АЕК – 30 630 теңге

2 санат 10 АЕК-тің 70% -ы – 21 441 теңге

3  санат 10 АЕК-тің 30 %-ы – 9 189 теңге

 

Оқ-дәрілер:

5,6 мм Калибр АЕК 1/115 – 26,63 теңге

5,6 мм калибрден жоғары АЕК 1/35 - 87,51 теңге

2022 жылға АЕК 3 063 теңгені құрайды

ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Елдос Закимов атап өткендей, акцияның үшінші күні азаматтардан 21 өтініш түсіп, 30 бірлік атыс қаруы қабылданды, оның ішінде 5 ойық және 25 тегіс ұңғылы. Қару-жарақ заттарын қабылдау әрбір аумақтық полиция органында жүргізіледі.

 Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабына сәйкес заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді немесе жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар әкімшілік жауапкершіліктен де, қылмыстық жауапкершіліктен де босатылатынын ескертеміз.

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar