Баллистикалық сараптаманың қорытындысына сәйкес, алынған қарулардың бірі 5,6 мм және 32 мм калибрлі патрондармен атуға жарамды екі ұңғылы ойық «ИЖ-56-1» мылтық және 16 мм калибрлі патрондармен атуға жарамды екі тегіс ұңғылы «БМ-16» мылтық.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі- «Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Аталған баптың санкциясымен күдіктіге 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы беріледі.
ШҚО ПД баспасөз қызметі