USD448.15EUR483.46RUB4.86

COVID 19: Жағдайдың 50 пайызы шығыстың үлесінде...

11 қараша 2020, 15:17
Қазіргі уақытта республика бойынша індет жұқтырғандардың 50%-ы Шығыс Қазақстан облысында анықталып отыр. Ауруды жұқтырғандар саны бойынша облыс қызыл аймаққа еніп кеткені белгілі. Өткен аптамен салыстырғанда, өңірде сырқаттанушылық 5,4 есеге өсті, күн сайын 350-ден аса ауру тіркеліп отыр, жағдайы ауыр науқастардың саны артты.
COVID 19: Жағдайдың 50 пайызы шығыстың үлесінде...

Ауырудың аса жоғары көрсеткіштері Өскемен және Семей қалаларында байқалып отыр. Облыста 584 мобильді медициналық бригаданың жұмысын үйлестіретін Ауру ошақтарын оқшаулау орталығы жұмыс істейді. Бүгінде желіде 516 бригада бар, олар 1978 инфекция ошағын және ауруды жұқтырғандармен байланыста болған 4709 адамды бақылайды. Қажет болған жағдайда қосымша 100 бригада құруға мүмкіндік бар.

Өңірде 3254 инфекциялық төсек-орынды, оның ішінде 205 реанимациялық төсек-орынды қамтыған 30 инфекциялық стационар жұмыс істейді. Қосымша 2756 инфекциялық төсек-орынды, оның ішінде 194 реанимациялық төсек-орынды қамтыған 10 резервтік стационар жасақталған. Медициналық мекемелер 346 ӨЖЖ аппаратымен және 1142 оттегі концентраторымен қамтамасыз етілген. 21 стационарда орталықтандырылған оттегімен қамтамасыз ету бар.

Медициналық мекемелерде екі айлық дәрі-дәрмектер мен жеке қорғаныш құралдарының қоры қалыптастырылған. Жедел медициналық жәрдем машинасы паркі 60 бірлікке толықты, жыл соңына дейін қосымша 156 машина жеткізіледі деп күтілуде.

ШҚО COVID-19 диагностикалау бойынша 13 зертхана жұмыс істейді. 311 мың адам, оның ішінде соңғы тәулікте 4743 адам тексерілді. 2020 жылғы 1 желтоқсанға дейін қосымша 5 ПТР-зертхана ашу жоспарлануда.

Үкімет басшысы ШҚО әкімдігіне коронавирус инфекциясының одан әрі таралуына жол бермеу, халыққа санитарлық талаптарды түсіндіру және олардың сақталуын бақылау, алғашқы медициналық-санитарлық көмекті нығайту, медициналық мекемелерді білікті кадрлармен толықтыру үшін жағдай жасау бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar