
– Пайдалануға аудан орталығындағы Мамай көшесінен 16 пәтерлі тұрғынүй және Бекбосынов көшесінен қоспәтерлі үш тұрғынүй беріл беріліп отыр. Ал Тоқтамыс көшесінде қоспәтерлі 13 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жұмыс барысымен арнайы барып таныстым. Алдағы уақытта осындай көпбалалы және аз қамтылған отбасылар жиыны 26 тұрғын үймен қамтамасыз етілетін болады. Жалпы биыл 32 көпбалалы отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз, – деді аудан әкімі Жарқынбек Байсабыров.
Салтанатты шара барысында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Құрмет» Орденінің иегері Төлеген Жанғалиев пен аудандық кеңестің төрағасы Төлеубек Аманғазыұлы ақжарма тілектерін арнап, ауыл ақсақалдары мен ақ жаулықты әжелер лентасын қиды.