USD448.15EUR483.46RUB4.86

Облыста үздік ауыл әкімі анықталды

14 тамыз 2020, 10:10
"Рухани Жаңғыру" бағдарламасы аясында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен қолға алынған "Үздік ауыл әкімі" республикалық байқауының бірінші кезеңі аяқталды. Конкурстың мақсаты елді мекендерді дамытуға елеулі үлес қосып, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізген үздік ауыл әкімдерін анықтау және көтермелеу еді.
Облыста үздік ауыл әкімі анықталды

Үміткерлердің арасында алдымен сауалнама жүргізіліп, үміткерлердің мемлекеттік қызметшілердің әдебін сақтау деңгейі анықталды. Одан соң әкімдердің халықпен кері байланыс орнату жөніндегі қызметі бағаланып, осы бағытта қол жеткізген нәтижелері зерделенді. "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы аясында жергілікті әкім жұмысының тиімділігіне халықтың қанағаттану деңгейі өлшенді. Сонымен қатар, "Үздік ауыл әкімі" атағына неге мен лайықпын?" тақырыбында эссе жазды және ауылдық округті дамытуға, әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге бағытталған жобалық жұмыс дайындады. Ең көп ұпай жинаған әкімдер үшін өңірлік конкурстық комиссиямен жеке онлайн әңгімелесу өткізілді. Комиссия құрамына бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық бірлестіктер  өкілдері, мемлекеттік органдардың басшылары енді.
Байқуға  8 ауылдық округтің әкімдері өз істерінің үздігі атағы үшін сынға түсті.
Әңгімелесу қорытындысы бойынша Жарма ауданы Шалабай ауылдық округінің әкімі Есембаева Жанар Сәкенқызы республикалық конкурсқа қатысуға лайықты деп танылды. Комиссия мүшелері оның эссесін, жазудағы креативті тәсілін, сондай-ақ жобалық жұмысын басқа қатысушылардың жұмыстарымен салыстырғанда жақсы деп атап өтті. Комиссия төрағасы Қайрат Нұрғазыұлы әкімдерге конкурсқа қатысқаны үшін алғысын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar