USD447.4EUR477.55RUB4.76

Мектеп формасымен және аяқ киіммен тегін қамтылады

14 тамыз 2020, 10:02
Бүгінгі күні облыстағы мектептерде аз қамтылған және көпбалалы отбасыларда тәрбиеленіп жатқан 48 мың бала оқиды.
Мектеп формасымен және аяқ киіммен тегін қамтылады

Тікелей эфир барысында ШҚО әкімі Даниал Ахметов мұқтаждық категориясындағы әрбір бала назардан тыс қалмай, оларға жағдай жасалатынын атап өтті. Бұдан бөлек 48 мың оқушы әлеуметтік кепілдік бойынша мектеп формасымен тегін қамтамасыз етіледі. Және биыл осы категориядағы балаларға тегін аяқ киім беріледі.
 20 тамызға дейін аз қамтылған және көпбалалы отбасыларда тәрбиеленіп жатқан барлық балаға мектеп формалары мен аяқ киімдер табыс етіледі.
Ағымдағы оқу жылынан бастап аз қамтылған және көпбалалы отбасыларда тәрбиеленіп жатқан 3 764 бала мектепке дейінгі мекемелерде білім алғаны үшін қаражат төлеуден босатылады.
Сондай-ақ жаңа оқу жылынан бастап 21 524 бала қоғамдық көлікте тегін жүруге мүмкіндік алады.
Бұдан бөлек, техникалық және кәсіптік білім беру аясында 2020 жылы аз қамтылған және көпбалалы отбасыларда тәрбиеленіп жатқан 1,6 мың балаға нарықтағы сұранысқа ие техникалық мамандықтар бойынша тегін білім алуына мүмкіндік бар. Сонымен қатар бұл категориядағы балалар жоғары оқу орындарында облыс әкімінің грантын иеленіп, білім алатын болады

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar